Экономикалық зерттеулер институты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша ЭЫДҰ вебинарына қатысты

25.09.2026

2026 жылғы 24 қыркүйекте «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ өкілдері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) мемлекеттік әкімшілік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру, мониторингілеу және олардың сапасын арттыру мәселелеріне арналған үшінші вебинарына қатысты.

Вебинар барысында ЭЫДҰ азаматтардың қажеттіліктеріне негізделген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру тәсілдерін қарастыратын Serving Citizens 2026: Delivering Better Public Administrative Services жаңа есебінің негізгі қорытындыларын ұсынды.

ЭЫДҰ деректеріне сәйкес, Ұйым елдеріндегі мемлекеттік әкімшілік көрсетілетін қызметтердің соңғы пайдаланушыларының 68%-ы олардың сапасына қанағаттанған, ал 19%-ы қанағаттанбаған. Serving Citizens зерттеуі 37 елді, оның ішінде ЭЫДҰ-ға мүше 31 елді және Ұйымға мүше емес 6 елді қамтыды. Сонымен қатар зерттеу ЭЫДҰ-ның адамға бағдарланған мемлекеттік әкімшілік көрсетілетін қызметтер жөніндегі 2024 жылғы ұсынымының іске асырылу барысын бағалайды.

Негізгі бағыттардың бірі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамытуға бірыңғай стратегиялық тәсілді қалыптастыру болып табылады. ЭЫДҰ елдерінің 87%-ында осы салада жалпыұлттық стратегия іске асырылуда. Бұл ретте ЭЫДҰ стратегиялық мақсаттарды іске асыру, мониторинг жүргізу және бағалау тетіктерімен, сондай-ақ қажетті құзыреттер мен ресурстармен нақты байланыстыру қажеттігін атап өтті.

Вебинар барысында ведомствоаралық үйлестіру мәселесіне ерекше назар аударылды. ЭЫДҰ елдерінің 71%-ында мемлекеттік әкімшілік көрсетілетін қызметтерді жетілдіруге жауапты ведомствоаралық органдар немесе комитеттер құрылған. Олардың міндеттеріне мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, реформалардың мониторингі және көрсетілетін қызметтерді ұсыну рәсімдерін оңайлату кіреді.

Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді азаматтардың өмірлік жағдайлар аясында біріктіру тәсілі қарастырылды. Мысалы, баланың дүниеге келуі, зейнетке шығу, тұрғылықты жерін ауыстыру немесе бизнес ашу сияқты өмірлік жағдайларға байланысты қажетті қызметтерді өзара байланыстыру көзделеді. Бұл тәсіл ЭЫДҰ елдерінің 77%-ында белгілі бір нысанда қолданылады. Сонымен бірге мемлекеттік органдар арасында деректер алмасуды көздейтін қызметтердің толыққанды интеграциясы қарастырылған жағдайлардың тек 20%-ында қамтамасыз етілген. Тағы 40%-ында қажетті қызметтер туралы ақпарат бір ресурста біріктірілгенімен, қызметтердің өздері ұйымдық тұрғыдан бөлек көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңызды элементі кері байланыс пен нәтижелер туралы деректерді пайдалану болып табылады. ЭЫДҰ елдерінің 94%-ында пайдаланушылар арасында сауалнамалар жүргізіледі, ал 74%-ында көрсетілетін қызметтердің тиімділік көрсеткіштері белгіленген. Алайда тек 55%-ы нәтижелер мен пайдаланушылардың тәжірибесі туралы деректерді көрсетілетін қызметтерді тікелей жетілдіру үшін, ал 45%-ы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде пайдаланады.

Практикалық мысал ретінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамытудағы бірыңғай стратегиялық тәсілге, ведомствоаралық үйлестіруге және азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының сапасын арттыруға негізделген Ирландияның тәжірибесі қарастырылды.

Вебинар қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді одан әрі дамыту тек цифрландыруды ғана емес, мемлекеттік органдар арасындағы неғұрлым тығыз үйлестіруді, қызметтерді азаматтардың қажеттіліктері негізінде интеграциялауды, сондай-ақ кері байланыс пен деректерді жүйелі түрде пайдалануды талап ететіні атап өтілді.

Цифрлық технологиялар бұл ретте дербес мақсат ретінде емес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің неғұрлым қолжетімді, үйлестірілген және азаматқа бағдарланған жүйесін қалыптастыру құралы ретінде қарастырылады.



Қарау саны: 0
Сақталған: 25.09.2026



ЭЫДҰ

ЭЫДҰ деген не ЭЫДҰ мүше елдері ЭЫДҰ Хатшылығының құрылымы ЭЫДҰ бағыттары Қазақстан және ЭЫДҰ ЭЫДҰ оқиғалары Іс-шаралар жоспары
2026
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2025
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!