Жұмыс тобының қызметі 1-5 ТДМ іске асырылуын қамтиды және кедейлік пен аштықты жою, денсаулықты қамтамасыз ету, сапалы білім беру және гендерлік теңдік мәселелеріне бағытталған. Топ шеңберінде 43 міндет және 28-і өзекті, 48-і мониторинг индикаторлары болып табылатын жалпы 76 ұлттық индикатор іске асырылып жатыр.
Осы бағыт бойынша үйлестіруші мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) айқындалды.
2025 жылы жұмыс тобының қызметі ТДМ бойынша Қазақстанның үшінші Ерікті ұлттық шолуын дайындауға, 1-5 ТДМ бойынша онлайн-консультациялар өткізуге, сондай-ақ 2023-2024 жылдары ТДМ іске асыру барысын қарастыра отырып, 2025 жылғы 8 мамырда ВАЖТ отырысын ұйымдастыруға бағытталды. Бұдан басқа, «Адамдар» бағытының мәселелері ТДМ іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі парламенттік комиссияның XI отырысы шеңберінде қарастырылды.
![]() |
|
![]() |
|