Жұмыс тобының қызметі 16 ТДМ-ның іске асырылуын қамтиды және бейбіт пен ашық қоғам құруға, барлығы үшін әділеттілікке қол жеткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және инклюзивті институттарды қалыптастыруға бағытталған. Топ шеңберінде 11 міндет және 4-і өзекті, 18-і мониторинг индикаторлары болып табылатын 22 ұлттық индикатор іске асырылып жатыр.
Осы бағыт бойынша үйлестіруші мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі айқындалды.
2025 жылы жұмыс тобының қызметі «Бейбітшілік» блогын ведомствоаралық консультациялар мен сараптамалық талқылаулар форматында талқылауды қоса алғанда, ТДМ бойынша Қазақстан Республикасының үшінші Ерікті ұлттық шолуын дайындауға сараптамалық қатысуға бағытталды.
![]() |
|
![]() |
|