«Планета» ведомствоаралық жұмыс тобы


«Планета» ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша 2018 жылы құрылған тұрақты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 85-п бұйрығымен құрылды.

Жұмыс тобының қызметі 6, 12-15 ТДМ іске асырылуын қамтиды және су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, тұтыну мен өндірістің тұрақты үлгілеріне көшуге, климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылды нығайтуға, теңіз экожүйелерін, ормандарды, биоәртүрлілікті және құрлық экожүйелерін сақтауға бағытталған. Топ шеңберінде 27 міндет және 12-і өзекті, 22-і мониторинг индикаторлары болып табылатын 34 ұлттық индикатор іске асырылуда.

Осы бағыт бойынша үйлестіруші мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі айқындалды.

Жұмыс тобының құрамы сектораралық негізде қалыптастырылған және оған орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық институттардың, азаматтық қоғам ұйымдарының, бизнестің, халықаралық ұйымдардың және талдау орталықтарының өкілдері кіреді. Бұл формат халықаралық экологиялық стандарттар мен үздік тәжірибелерді ұлттық тұрақты даму саясатына біріктіруге ықпал етеді.

2025 жылы жұмыс тобының қызметі ТДМ бойынша Қазақстанның үшінші Ерікті ұлттық шолуын дайындауға, 6, 12-15 ТДМ бойынша онлайн-консультациялар өткізуге, сондай-ақ «Құрлық экожүйелерін сақтау» 15 ТДМ іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі парламенттік комиссияның отырысына бағытталды.



Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 276 бұйрығы
Көлемі: 525.80 КБ

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 85-ө бұйрығы
Көлемі: 342.52 КБ

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 289-п бұйрығы
Көлемі: 282.99 КБ

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 жылғы 26 ақпандағы № 53-ө бұйрығы
Көлемі: 1.22 МБ

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 624-ө бұйрығы
Көлемі: 680.47 КБ








... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!