ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы


Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) жүктелген өкілеттіктерге сәйкес ресми статистика саласында, оның ішінде Тұрақты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыру шеңберінде Тұрақты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ТДМ) статистикалық қамтамасыз ету бөлігінде қызметті жүзеге асырады.

Бюро (Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму департаменті) өз құзыреті шеңберінде статистикалық және әкімшілік деректерді пайдалануды қоса алғанда, ТДМ ұлттық индикаторлары бойынша ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыруды, жүргізуді және таратуды, сондай-ақ статистикалық ақпараттың объективтілігі, шынайылығы және салыстырмалылығы қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етеді.

Бюро халықаралық ұсынымдар мен стандарттарды ескере отырып, ТДМ статистикасын әдіснамалық сүйемелдеуді жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру және өзектендіру мәселелері бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

2019, 2022 және 2025 жылдары Тұрақты даму мақсаттары бойынша Қазақстан Республикасының үш Ерікті ұлттық шолуын дайындау кезінде Бюро ресми статистикалық деректердің ұсынылуын және тексерілуін қамтамасыз етті, сондай-ақ осы шолуларға статистикалық қосымшаларды қалыптастырды.

ТДМ бойынша ресми статистикалық ақпарат Бюроның ресми веб-сайтында қолжетімді https://stat.gov.kz/sustainable-development-goals/goal/



Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму департаменті туралы ереже
Көлемі: 234.17 КБ








... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!