«Серіктестік» ведомствоаралық жұмыс тобы


«Серіктестік» ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша 2018 жылы құрылған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 11-1-4/483 бұйрығымен құрылды.

Жұмыс тобының қызметі 17 ТДМ іске асырылуын қамтиды және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, қаржы ресурстарын жұмылдыруға, халықаралық ұйымдармен, жеке сектормен, азаматтық қоғаммен және талдау орталықтарымен өзара іс-қимылға бағытталған. Топ шеңберінде 13 міндет және 1-і өзекті, 17-і мониторинг индикаторлары болып табылатын 18 ұлттық индикатор іске асырылып жатыр.

Осы бағыт бойынша үйлестіруші мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындалды.

Жұмыс тобының құрамы сектораралық негізде қалыптастырылған және оған орталық мемлекеттік органдардың, БҰҰ жүйесінің халықаралық ұйымдарының, халықаралық қаржы институттарының, ұлттық талдау орталықтарының, бизнес пен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері кіреді. Мұндай формат халықаралық тәжірибені интеграциялауды, көпжақты диалогты және ұлттық басымдықтарды тұрақты дамудың жаһандық күн тәртібімен үйлестіруді қамтамасыз етеді.

2025 жылы жұмыс тобының қызметі көпжақты өзара іс-қимылды нығайтуға және ТДМ бойынша Қазақстанның үшінші Ерікті ұлттық шолуын дайындауға қатысуға, сондай-ақ БҰҰ жүйесімен, халықаралық қаржы институттарымен, жеке сектормен және академиялық қоғамдастықпен ынтымақтастықты дамытуға бағытталды, бұл 17 ТДМ-ды одан әрі іске асыру үшін тұрақты негіз қалыптастыруға мүмкіндік берді.



Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 11-1-4 483 бұйрығы
Көлемі: 238.97 КБ








... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!