ТДМ жөніндегі Хатшылығы


«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылығы (бұдан әрі – Хатшылық) қоғамның тұрақты даму және стратегиялық жоспарлау саласындағы ғылыми-зерттеу, талдамалық және сараптамалық жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылған құрылымдық бөлімшесі.

Хатшылық қызметінің негізгі бағыттары:

1. Тұрақты даму саласында ғылыми және зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Хатшылық Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес тұрақты даму мәселелерін зерделеуге бағытталған зерттеу қызметінің толық циклін жүзеге асырады. Осы міндет шеңберінде әдістемелік және техникалық құжаттарға талдау, ғылыми-зерттеу материалдарын әзірлеу, талдамалық тұжырымдар мен ұсынымдар дайындау, сондай-ақ шетелдік тәжірибені зерделеу және бейімдеу жүргізіледі. Жұмыс мемлекеттік шаралар мен стратегиялық бастамалардың тиімділігін бағалауды қоса алғанда, теориялық және қолданбалы аспектілерді қамтиды.

2. Бекітілген техникалық ерекшеліктер бойынша әлеуметтанулық зерттеу жүргізу.

Хатшылық техникалық тапсырмалар мен бекітілген әдіснамаға сәйкес әлеуметтанулық сауалнамаларды, сараптамалық сұхбаттарды, іріктемелі зерттеулерді және деректерді жинаудың өзге де әлеуметтанулық әдістерін ұйымдастырады және жүргізеді. Мұндай зерттеулер халықтың тұрақты даму саласындағы шараларды қабылдауы туралы объективті деректер алуға, өзекті әлеуметтік үрдістерді анықтауға, мемлекеттік бағдарламалардың практикалық әсерін бағалауға және одан әрі талдамалық материалдар үшін негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

3. Семинарлар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.

Хатшылық мемлекеттік органдардың, сарапшылардың және тұрақты даму саласындағы мүдделі тараптардың құзыретін арттыруға бағытталған оқыту бағдарламаларын, семинарларды, тренингтерді және басқа да іс-шараларды өткізеді. Іс-шаралардың тақырыптық мазмұны Хатшылық қызметінің негізгі бағытына сәйкес қалыптастырылады және ТДМ іске асыруда қолданылатын әдіснамаларды, мониторинг құралдарын, үздік әлемдік тәжірибелерді, нормативтік талаптар мен талдамалық тәсілдерді түсіндіруді қамтиды.

4. Халықаралық жобаларды, бағдарламаларды және ғылыми-практикалық бастамаларды әзірлеу және іске асыру.

Хатшылық тұрақты даму саласындағы халықаралық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық жұмыстарды дайындауға, әзірлеуге және орындауға қатысады. Бұл қызмет тәжірибе алмасуға, халықаралық сараптаманы тартуға, жаһандық бастамаларға қатысуға және Қазақстанның ұлттық мүдделерін тұрақты дамудың халықаралық күн тәртібінде ілгерілетуге бағытталған. Жобаларды іске асыру Қазақстанның халықаралық зерттеу және сараптамалық желілерге интеграциялануына ықпал етеді, сондай-ақ ғылыми-талдамалық әлеуетті нығайтады.


Іске асырылған жобалар мен серіктестер:

  • Орталық Азия үшін ТДМ платформасын құру, Еуропалық Одақ, БҰҰДБ, 2023-2024 жылдар;

  • Азия-Тынық мұхиты өңірінде гендерлік теңдікті өзгертетін бағдарламаны ілгерілету, Азия даму банкі, 2023 жыл;

  • Балалар хал ахуал индексі шеңберінде балалардың қажеттіліктеріне бағытталған шығындар үлесін есептеу, ЮНИСЕФ, 2022 жыл;

  • Қазақстан балаларының хал ахуал индексін есептеу, ЮНИСЕФ, 2022 жыл;

  • «2030 жылға қарай барлық қыздар мен ұлдарға дамудың, күтімнің және мектепке дейінгі оқытудың сапалы жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету» 4.2 ТДМ көрсеткішіне қол жеткізу құнын есептеу әдістемесін әзірлеу, АТМЭӘК, ЮНЕСКО, 2022 жыл;

  • ТДМ-мен келісілген ШОК қаржыландыру стратегиясын әзірлеу, АТМЭӘК, 2022 жыл;

  • Балаларға арналған бюджет әдіснамасын және Қазақстандық балалар бақыты индексін әзірлеу, ЮНИСЕФ, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, 2021 жыл;

  • Қазақстанда ТДМ қаржыландыру стратегиясын әзірлеу, БҰҰДБ, 2020-2022 жылдар;

  • Жергілікті атқарушы органдардың жоспарлау және бюджеттеу жөніндегі құжаттарына гендерлік талдау (Ақмола облысының мысалында), БҰҰ-Әйелдер, 2020 жыл;

  • Тұрақты даму мақсаттары бойынша ұлттық платформа құру үшін әріптестік, БҰҰДБ, 2019 жыл;

  • Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарына тұрақты даму мақсаттарының интеграциясын кешенді бағалау, БҰҰДБ, 2018 жыл.


Негізгі жетістіктер:

1. Ұлттық есептерді дайындау.

Барлық мүдделі тараптармен бірлесіп 2019, 2022 және 2025 жылдары БҰҰ-ның жоғары деңгейдегі саяси форумында ұсынылған ТДМ іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің үш Ерікті ұлттық шолуы дайындалды.

2. Орталық Азия үшін ТДМ өңірлік платформасын әзірлеу және іске қосу.

БҰҰДБ-мен бірлесіп өңір елдері үшін деректерді, талдамалық материалдар мен мониторинг құралдарын біріктіретін цифрлық платформа құрылды (https://central-asia-sdg-platform.github.io/www/).

3. Стратегиялық құжаттарға кешенді бағалау жүргізу.

Ұлттық деңгейде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды жедел кешенді бағалау, сондай-ақ Қызылорда облысы мен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының стратегиялық жоспарлау құжаттарын бағалау орындалды.

4. ТДМ қаржыландырылуының қамтылуын бағалау.

ТДМ-ды қаржыландыру республикалық және жергілікті деңгейлерде бағаланды (пилоттық өңірлер: Алматы қ., Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары).

5. ТДМ-ды жергілікті деңгейде іске асыру әдістемесін әзірлеу.

Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2024 жылғы 2 қазандағы № 236 бұйрығымен бекітілген.

6. Бюджеттік бағдарламаларды таңбалау.

Гендерлік және климаттық таңбалауды қоса алғанда, ТДМ-ның іске асырылуына үлес қосу бойынша бюджеттерге таңбалау жүргізілді.

7. Гендерлік талдау құралдарын дамыту.

ЖАО құжаттарын гендерлік талдау әдістемесі әзірленді және оны қолдану бойынша практикалық зерттеулер жүргізілді.

8. Балаларға арналған бюджет әдіснамасын әзірлеу.

Балаларға бағытталған шығыстардың көлемі мен тиімділігін бағалау құралы құрылды.

9. Қазақстан балаларының хал ахуал индексін есептеу әдістемесі.

Әдістеме Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 21-ө өкімімен бекітілген.

10. Мектепке дейінгі білім беру құнын есептеу моделін әзірлеу.

Мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған шығындарды есептеу құралы дайындалды.

11. «Миссия 2030» іскерлік ойын әдістемесін бейімдеу.

Әдістеме қазақстандық шындыққа бейімделген, бұл оны оқыту, ТДМ туралы хабардарлықты арттыру және халықтың пікірін ескере отырып, өңірлердің өзекті басымдықтарын анықтау үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

12. Қазақстан өңірлері үшін ТДМ индикаторларының тізбесінің жобасын әзірлеу.

Мониторинг жүйесіне одан әрі енгізу үшін көрсеткіштердің өңірлік жиынтығының жобасы қалыптастырылды.



Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық туралы ереже
Көлемі: 185.31 КБ








... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!