«Өсіп-өркендеу» ведомствоаралық жұмыс тобы
«Өсіп-өркендеу» ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша 2018 жылы құрылған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 67 бұйрығымен құрылды.
Жұмыс
тобының қызметі 7-11 ТДМ іске асырылуын
қамтиды және тұрақты экономикалық өсу,
лайықты жұмыспен қамту, индустрияландыру
және инновациялар, теңсіздікті қысқарту,
инфрақұрылым мен тұрақты қалаларды
дамыту мәселелеріне бағытталған. Топ
шеңберінде 33 міндет және 24-і өзекті,
26-ы мониторинг индикаторлары болып
табылатын 50 ұлттық индикатор іске
асырылып жатыр.
Осы
бағыт бойынша үйлестіруші мемлекеттік
орган ретінде Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі айқындалды.
Жұмыс
тобының құрамы сектораралық негізде
қалыптастырылған және оған орталық
мемлекеттік органдардың, ұлттық
институттардың, бизнестің, азаматтық
қоғам ұйымдарының, халықаралық ұйымдар
мен талдау орталықтарының, соның ішінде
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы,
Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк және
Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері
кіреді, бұл халықаралық тәжірибе мен
үздік практикалардың ұлттық саясатқа
интеграциялануын қамтамасыз етеді.
2025
жылы жұмыс тобының қызметі шағын топтар
және ведомствоаралық консультациялар
форматында «Өркендеу» блогын талқылауды
қоса алғанда,
ТДМ бойынша Қазақстан Республикасының
үшінші Ерікті ұлттық шолуын дайындауға
сараптамалық қатысуға бағытталды.