Даму үшін жаңа мәміле: орнықты қалпына келтірудің негізін қалау
07.10.2020
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Даму орталығының Басқарушы комитеті жоғары деңгейдегі 6-шы отырысты онлайн өткізді. Іс-шара COVID-19 пандемиясынан болатын зардаптардың алдын алу бойынша тәжірибемен, әлеуметтік салдарларды жұмсарту жөніндегі ұсыныстармен және дамушы елдердің ұлттық стратегияларын қолдаудың көпжақты жүйесі үшін тәсілдермен алмасу мақсатында өтті. Естеріңізге сала кетейік, ЭЫДҰ Даму орталығы Дамуға жәрдемдесу жөніндегі комитетпен және Даму саласындағы ынтымақтастық директоратымен бірге ЭЫДҰ-ның бірыңғай даму кластерін құрайтын үш институттың бірі болып табылады. Отырыс «Өмірге қабілетті және инклюзивті қоғамдарды құру» және «Экономикалық тұрақтылықтан тыс жаһанданудың жаңа анықтамасы» тақырыптық блоктары бойынша ұйымдастырылды. Оны ЭЫДҰ Даму орталығы Басқарушы кеңесінің төрағасы, Испанияның ЭЫДҰ-дағы Елшісі Мануэль Эскудеро және ЭЫДҰ Даму орталығының директоры мен ЭЫДҰ Бас хатшысының Даму жөніндегі арнайы кеңесшісі Марио Пеццини ашты. Отырысқа әлемнің түрлі елдерінен министрлер, вице-министрлер, түрлі ұйымдардың елшілері мен басшылары деңгейінде 190-нан астам қатысушы, сондай-ақ OECD WEB TV алаңы арқылы отырыстың барысын бақылап отырған көрермендер қосылды. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов Қазақстан Республикасы тарапынан қатысты. Бұл отырыс экономикалық және әлеуметтік саясат саласында ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттер жүргізіп жатқан ақпаратпен алмасу жөніндегі диалог алаңы болды, оның барысында көптеген елдерде әлеуметтік қорғауды күшейту және халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету бойынша қабылданған уақытша шаралар COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарысқа жауаптың маңызды элементіне айналғаны атап өтілді. Спикерлердің баяндамаларынан кейін, сондай-ақ барлық қатысушылар арасында басымдықтар, алынған сабақтар мен пандемияға байланысты қажетті қабылданған реформалар талқыланғаннан кейін ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Джефф Шлагенхаф ЭЫДҰ Даму орталығы Басқарушы комитетінің жоғары деңгейдегі 6-шы отырысының аяқталғанын жариялады.
Қарау саны: 6137 |
|
|