Еуразия елдерімен жұмыс бойынша вебинар
01.07.2020
ЭЫДҰ Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің "ШОК бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қолдау бойынша тиімді қызметтер» тақырыбы бойынша "Экономиканың тұрақтылығын қалпына келтіруге және арттыруға жәрдемдесу" атты вебинары 2020 жылғы 25 маусымда Zoom платформасы арқылы өтті. Вебинарға шамамен 59 қатысушы қосылды: Беларусь, Қазақстан сияқты елдердің мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың жоғары лауазымды өкілдер, жеке сектор өкілдері; халықаралық сарапшылар; Еуропалық Одақ, ЭЫДҰ, ЕҚКДБ және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері. Қазақстан тарапынан бейнеконференцияға "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ өкілдері қатысты». Вебинардың модераторы профессор Александр Сурдей, ЭЫДҰ жанындағы Польшаның Елшісі және тұрақты өкілі және Еуразия елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі дөңгелек үстел төрағасы болды, бұл өзінің сөзінде Беларусь Республикасында бизнесті дамытудағы сәттіліктерді айтып кетті, бизнеске қолдау көрсетудің жол картасын мониторингтеу процесі туралы жалпы пікір айтты. Қысқаша сөзден кейін сөз Беларусь Республикасының Экономика министрі Александр Червяков мырзаға берілді. Александр Червяков мыналар туралы айтты: - Ел экономикасын дамытуда негізгі қолдау драйверінің рөлін ЭЫДҰ атқарады; - Беларусь Республикасы 10 жылдан астам ЭЫДҰ-ның өңірлік бастамасына қосылды; - ШОБ-ты дамыту экономика басымдықтарының бірі болып табылады (ШОБ-та жұмыспен қамтылғандардың үлесі-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 32% ); - Коронавирустың пандемиясына байланысты микро және шағын бизнес елімізде қатты зардап шекті. Осыған байланысты Үкімет секторды қолдау шараларын қабылдады: мысалы, салықтық жүктемені азайту. ЕО Таяу Шығыс жөніндегі БД басшысының орынбасары Йерун Виллемс былай деп мәлімдеді : -Еуропалық Одақ ЭЫДҰ, ЕҚДБ және ХВҚ бірлесіп ШОБ индекстеуін жақсартуды реформалау бойынша жұмыс жүргізуде (Беларусь 18%-ды байқатты); - Беларусь 2018 жылы ШОБ-ты 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы мен декретін қабылдады;
- Еуропалық Одақ ШОБ өтімділігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Беларуське 1 миллион еуро көлемінде көмек бөледі
. ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің саяси талдаушысы Виктор Антти Раухала: - ЭЫДҰ Беларусьтегі ШОБ дамыту жүйесіне талдау және мониторинг жүргізді, баға берді және ұсыныстар әзірледі; - Ұсыныстардың арасында-нарықтық ставкаларды жылжыту, ШОБ қажеттілігін түсінуді тереңдету, ШОБ бойынша агенттік құру, ШОБ дамуына кешенді талдау жүргізу. Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары Дмитрий Ярошевич өз баяндамасында қаржылық тұрақтылықты жақсарту мақсатында бизнесті дамытудың 2030 жылға дейінгі арнайы шаралар топтамасы туралы әңгімеледі. 2019 жылы Беларусь ШОБ қолдау қоры, сондай-ақ қолдау орталықтары мен инкубаторлар (12 бірлік) құрылды. ШОК саясаты жөніндегі сарапшы Антонио Фанелли Беларусь Республикасы пандемияға байланысты құлдырау алдында тұрғанын хабарлады. Үкімет ШОБ-тің арзан кредиттерге қол жеткізуін қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті ілгерілетудің орта мерзімді бағдарламасын жасауы қажет. Еуразиялық өңір үкіметтерінің өкілдері Шағын және орта кәсіпорындар секторын дамыту жөніндегі ұйымның бизнесті қолдау инфрақұрылымы департаментінің (Молдавия) басшысы Оксана Паладичюк өз сөзінде Молдавияның тәжірибесімен бөлісті, в Осылайша, елімізде ШОБ үшін кепілдік беру қоры құрылды; мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің өзара іс-қимылы үшін портал жұмыс істейді, рәйелдер кәсіпкерлігі дамуда. Сонымен қатар с11 бизнес-инкубатордан тұратын желі құрылды; ЭЫДҰ-мен бірлесіп ақпараттық қызметтер мониторингі бойынша қолдау бағдарламасы іске асырылуда. Вебинарға қатысушылар арасында баяндамашылардың сөз сөйлеуі аяқталғаннан кейін келесі сұрақтар бойынша онлайн тест-сауалнама жүргізілді: 1. Сіздің пікіріңізше, бизнесті дамыту бойынша қандай қызметтер ШОК өсуіне көмек көрсету үшін ең пайдалы болып табылады? 2. ШОК бизнесін дамыту бойынша мамандандырылған қызметтерді кім жақсы ұсына алады? Бірінші сұрақ бойынша қатысушылардың көпшілігі (79%) "Нарыққа қол жеткізуді қолдау" жауабын таңдады». Екінші сұрақ бойынша қатысушылардың көпшілігі (73%) "Бизнесті қолдаудың мемлекеттік-жеке орталықтары" жауабын таңдады.». Вебинар соңында Сурдей дағдарысты еңсеруде экономиканы қалпына келтіруге және оның тұрақтылығын арттыруға бірлесіп жәрдемдесу маңызды құрамдас бөлік болып табылатынын атап өтті.
Қарау саны: 5763 |
|
|