ЭЫДҰ-ның баяндамасы
28.10.2020
Көптеген мемлекеттердің үкіметтері күрделі көп жоспарлы міндеттерге тап болады, оларды шешу көбінесе менеджменттің сапасына және басшылық құрамның көшбасшылық қабілеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, COVID-19 жаһандық пандемиясы азаматтарды да, мемлекеттік қызмет жұмыскерлерін де қорғауды қамтамасыз ете отырып, негізгі мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша жылдам шешімдер қабылдаудың шұғыл қажеттілігін көрсетті.
Көшбасшылар деп мемлекеттік функцияларды басқару және жетілдіру құзыретіне жататын мемлекеттік қызметтің жоғары буынының өкілдері түсініледі. Олар мақсаты азаматтардың денсаулығы, қауіпсіздігі және экономикалық өміршеңдігі болып табылатын стратегиялық құжаттар мен мемлекеттік бағдарламалардың саяси бағытын қамтамасыз етеді. Алайда, тиімді жұмыс істеу үшін көшбасшылар алға қойылған міндеттерге қол жеткізуге көмектесетін қажетті дағдыларға да, институционалды қолдауға да ие болуы керек. ЭЫДҰ - ның тиімділігі жоғары мемлекеттік қызметтің түйінді позициялары бойынша баяндамасының (бұдан әрі мәтін бойынша-Баяндама) ерекшелігі инновациялық саясатты қалыптастыру үшін көшбасшылық қасиеттерді дамыту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын нақты мақсаттарды шешуге арналған мемлекеттік қызмет үшін 14 қағидатты ашу болып табылады. Көрсетілген қағидаттар ЭЫДҰ-ға мүше 10 мемлекеттен тұратын топ жұмысының нәтижелері болды. 2017-2019 жылдар аралығында жүргізілген зерттеулер бірқатар елдердің орталық аппаратының басшылығы саласындағы мәселелерді талқылау барысында туындаған 9 кейске негізделген. Бұл кейстерді зерттеу келесі екі тақырыпқа арналған:
Болашақта мемлекеттік қызмет жұмысының негізін құрайтын 3 санат зерттеулердің негізгі элементтері ретінде айқындалды:
Өз кезегінде, қазіргі жағдайдағы көшбасшылардың рөлі туралы айта отырып, баяндаманың негізгі идеясы көшбасшылардың рөлін қайта қарастыру болды. Өздерінің мықты жақтары мен сенімді командасын білуден басқа, көшбасшылар өз әріптестерімен бәсекелесуі керек. Осы мақсатқа жету үшін қызметкерлер күшті құндылықтарға ие болуы керек, бұл өз кезегінде жалпы уәждер мен мақсаттарды басшылыққа ала отырып, әртүрлі позициялар мен әдістерді енгізуге мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, оқырмандарға Баяндаманың әр бөлімінің негізгі құрамдауыштары бар тест тапсыруға мүмкіндік беріледі. Шолудың толық мәтінімен ЭЫДҰ сайтында танысуға болады: http://www.oecd.org/innovation/leadership-for-a-high-performing-civil-service-ed8235c8-en.htm
Қарау саны: 6073 |
|
|