Post-COVID: Globalization trends
02.11.2020
Post-COVID: globalization trends 2020 жылғы 11 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21.00-де Экономикалық зерттеулер институты (ERI) 'Рost-COVID: globalization trends' халықаралық конференциясын өткізеді. Қазақстанның, АҚШ-тың, Германияның, Нидерландының, Польшаның, Түркияның жетекші экономистері интеграциялық даму стратегиясы тақырыбында пікір-таласта сөз сөйлеп, әлемдік үрдістерді талқылайды. Өткізіп алмаңыз! Халықаралық ұйымдардың 2020 жылдың соңындағы болжамдары:
Әлбетте, COVID-19 әлемдік экономика мен халықаралық сауда үшін үлкен сынақ болды. Интеграциялық бірлестіктер моделін қайта қарайсыз ба немесе түбегейлі жаңа экономикалық шешімдер іздейсіз бе? Елдердің үкіметтері дағдарыстан шығудың дұрыс стратегиясын іздеуде. Әлем шешуші шараларды күтуде… Пандемияға байланысты елдің көрсеткіштері қаншалықты төмендегеніне қарамастан, жағдайды өзгерту ешқашан кеш емес, дейді әлемдік сарапшылар. Әрбір ұлттық экономика әлемдік үдерістерге интеграцияланғанын есте ұстаған жөн. Қалыптасқан жағдайдағы басты қағида диалог пен өзара көмек болып табылады. Осылайша, коронадағдарыс өзара әрекеттесуге деген ынтаны арттырды. Жаһандану, интеграция және халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту процестеріне тартылған ғылыми, талдамалық және академиялық институттардың, халықаралық ұйымдардың жетекші мамандары мен сарапшылары сындарлы шешімдерді іздеу үшін бір алаңға жиналады:
Конференция модераторы: Нұрбек Ергешбаев, ЭЫДҰ Ұлттық байланыс орталығы Хатшылығының Басшысы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі. Маңызды: Іс-шара ағылшын тілінде өткізіледі. Институттың ресми YouTube арнасында 21.00-де 'Post-COVID: globalization trends' халықаралық онлайн конференциясына қосылыңыз.
Қарау саны: 5817 |
|
|