Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту
03.11.2020
Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту Бейсенбі, 5 қарашада сағат 15.00-де ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және Экономикалық зерттеулер институтының қолдауымен «Expo&Women» халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Тұрақты даму мақсаттары бойынша республикалық онлайн-конференция өтеді. Жобаның серіктестері: Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы, Сбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті. Мемлекеттік ұйымдардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қауіпсіздік, адам құқықтарын қорғау, экономикалық және әлеуметтік даму, кедейлікті еңсеру, қоршаған ортаны қорғау, білім, ғылым, мәдениет, шұғыл гуманитарлық және техникалық көмек көрсету, бітімгершілік салаларындағы уақыт сын-қатерлеріне ден қою тетіктерін талқылайды. Спикерлер тізімінде депутаттар, құқық қорғаушылар мен қоғам қайраткерлері: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Э. Азимова; «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының жетекшісі С. Тұрсынбекова; ҚР-дағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары В. Времиш; «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ директорының орынбасары, жоба сарапшысы Ш. Жақыпова; Экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқармасы төрағасының орынбасары Е.Абаканов, «EXPO&Women» басқарма төрайымы Л.Аскарова және т. б. Өнеркәсіптік революцияның салдары әлемді әлемдік экономиканың дамуына кедергі келтіретін ауыр әлеуметтік және экологиялық проблемаларға алып келді: климаттың өзгеруі, тұщы судың жетіспеушілігі, экожүйелердің тозуы, қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, жұқпалы аурулардың тез таралуы, мәжбүрлі жұмыс және тағы басқалар. Тұрақты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібі бейбіт қоғам мен тиімді, есеп беретін инклюзивті құқықтық институттарды құруға бағытталған. Сот төрелігіне барлығына кепілдік берілген қолжетімділікті қамтамасыз ету 16 ТДМ-ӘЛЕМ, СОТ ТӨРЕЛІГІ ЖӘНЕ ТИІМДІ ИНСТИТУТТАРДЫ көздейді. Пандемияға байланысты барлық жерде қалыптасқан жағдай оның міндеттерінің қаншалықты маңызды және өзекті екенін көрсетті. Осыған орай, Қазақстанда 17 онлайн-семинарда балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық пен қанаудың барлық түрлерін жою; отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық; жастар арасында және әлеуметтік салада: ғылым, білім, медицина, бизнес саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; ұлттық заңнамаға және халықаралық келісімдерге сәйкес жұртшылықтың ақпаратқа қол жеткізуі мен негізгі бостандықтары сияқты өзекті тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу туралы шешім қабылданды. Іс-шараларға 1000-ға жуық адам қатысты. Көптеген семинарлар тікелей эфирге шықты. 8 айдағы қараулардың жалпы саны 30 000-нан астам болды, бұл, сөзсіз, Қазақстан халқы арасында осы тақырыптың қажеттілігін растайды. Бұдан басқа, түсіндіру іс-шаралары шеңберінде алғаш рет әлеуметтік зерттеу жүргізілді, «Қазақстанда ТДМ имплементациялау бойынша әдістемелік ұсынымдар» әзірленді, ақпараттық бейнеролик жасалды. Алдағы республикалық конференцияда атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылады 16: 16.1, 16.2, 16,5, 16.6, 16.10. ТДМ бағыттары бойынша жобаның негізгі модераторлары мен сарапшылары жасаған әзірленген ұсынымдар талқыланады. Жіберіп алмаңыз! Конференцияның өтпелі тақырыптары Қазақстанда ТДМ-ға қол жеткізуге азаматтық қоғамды тарту; отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылда, Балалардың құқықтарын қорғауда және құқықтық мәдениетті қалыптастыруда азаматтық қоғамның рөлі; Әлеуметтік салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық белсенділікті дамыту; Жұртшылық пен БАҚ-тың ақпаратқа және ашық деректерге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау тақырыбын жариялауда журналистік этиканың маңыздылығы. Тікелей эфир – Экономикалық зерттеулер институтының ресми Youtube арнасында.
Қарау саны: 6181 |
|
|