Post-COVID: Globalization trends

03.11.2020

Джон Перкинс, американдық жазушы және белсенді тұлға, «Экономикалық өлтірушіні мойындау» кітабының авторы, «Post-COVID: globalization trends» Экономикалық зерттеулер институтының халықаралық конференциясына қатысады. Онлайн-конференцияның тікелей көрсетілімі 2020 жылғы 11 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21.00-де өтеді.

Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан, АҚШ, Нидерланды, Польша, Түркияның жетекші экономистерінің қатысуымен пікірталас алаңын ұйымдастырады. Талдамалық пікір-талас интеграциялық даму стратегиясына, жаһандық экономикаға арналған.

Әлемдік атаулы спикерлер ең өзекті және резонанстық тақырыптарға арналған әңгіме жүргізуге дайын.

Макроэкономикадағы үрдістер туралы сараптамалық пікірді «Экономикалық өлтірушінің мойындауы» (Confessions of an Economic Hit Man 2004) сенсациялық, әшкерелейтін кітабының авторы Джон Перкинс және NewYork Times рейтингінде жетпіс аптадан астам уақытқа созылған тағы 9 бестселлер бөліседі. Экономика және геосаясат туралы кітаптардан басқа, ол бірқатар басқа, оның ішінде жеке және жаһандық қайта құру туралы шығармалар жазды. Оның жұмыстары 35-тен астам тілге аударылып, 2 миллионнан астам данамен сатылды.

Джон Перкинс Дүниежүзілік банкке, Біріккен Ұлттар Ұйымына, ХВҚ-ға, АҚШ Қаржы министрлігіне, Fortune 500 корпорацияларына және Африка, Азия, Латын Америкасы, Таяу Шығыс елдерінің көшбасшыларына кеңес берді. Қазіргі уақытта Перкинс халықаралық консалтингтік компанияның жетекші экономисі, Dream Change Inc. негізін қалаушы және төрағасы болып табылады.

11 қарашада танымал зерттеуші-талдаушы Қазақстан аудиториясы үшін алғаш рет сөз сөйлейді. Жіберіп алмаңыз!

Институттың ресми YouTube арнасында 21.00-де 'Post-COVID: globalization trends' халықаралық онлайн конференциясына қосылыңыз.


Қарау саны: 5865
Сақталған: 04.11.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!