Институт IMD-2020 бойынша түсіндіру семинарын өткізді
08.07.2020
Ағымдағы жылғы 8 шілдеде онлайн форматта "IMD-2020 әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің қорытындысы" тақырыбында түсіндіру семинары өтті. Семинарды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ ұйымдастырды. Іс-шараның модераторы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ш. Ш. Жақыпова болды. Анықтамалық: 2008 жылдан бастап "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Қазақстандағы IMD серіктесі болып табылады». Бұдан бұрын, ағымдағы жылдың 16 маусымында Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2020 жылғы IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Ағымдағы жылдың есебі "Шағын экономикалар 2020 әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде шешуші табысқа қол жеткізеді" ұранымен жарияланды. Осы рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан ағымдағы жылы 42-орынға ие болды. Зерттеуде әлемнің 63 елі бағаланды. Рейтингте Сингапур, Дания, Швейцария, Нидерланды және Гонконг көш бастап тұр. IMD-2020 әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан Үндістан (43-орын), Италия (44-орын), Филиппины (45-орын) және Түркия (46-орын), Ресей (50-орын) сияқты елдерден озып, 42-орынды иеленді. Анықтамалық: Әлемдік бәсекеге қабілеттілік жылнамасы 332 көрсеткішті құрайды, оның 2/3 – і статистикалық деректер негізінде, 1/3-сауалнама деректері бойынша есептеледі. Рейтинг нәтижелері кәсіпорын басшыларының 2020 жылдың бірінші тоқсанында экономиканы қабылдау туралы жауаптарының құрамдастырылған нәтижелеріне (а) және өткен кезеңдердің статистикалық деректеріне (b) негізделген. Семинар аясында Институт сарапшылары мемлекеттік органдар өкілдері үшін Рейтинг қорытындысын ұсынды. Сонымен қатар, IMD-2020 рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге бағытталған Қазақстанның позицияларын өзгертудің ықтимал себептерін бірлесіп талқылау ұйымдастырылды. Семинар барысында Институт сарапшылары мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында конструктивті диалог өтті, олардың арасында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің, ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері ерекше белсенділік танытты. Мемлекеттік органдардың өкілдері жасаған ұсыныстардың ішінде рейтинг көрсеткіштерінің әдіснамалары бойынша IMD-мен тығыз өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ белгілі бір мемлекеттік органдарға жекелеген көрсеткіштерді бекіту қажеттігі сияқты маңызды ұсыныстарды атап көрсетуге болады. Мемлекеттік органдардың пікірі бойынша бұл шаралар өзекті статистикалық деректердің көрсеткіштерін қалыптастыру үшін қажетті IMD-ге ұсынуға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдарға көрсеткіштер мониторингі бойынша жауапкершілікті нақты бекітуге ықпал ететін болады. Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері осы рейтингтегі Қазақстанның позициясын арттыру мәселелерін сапалы пысықтау мақсатында өзара, сондай-ақ Қазақстандағы IMD рейтингінің ресми әріптесі "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ-мен тығыз ынтымақтастық пен үйлестіруді орнатуға келістіе.
Қарау саны: 6009 |
|
|