Сарапшы пікір: Азамат Саменов

10.07.2020

Мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, бизнес бағаны негізсіз көтермеуі тиіс "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Өңірлік зерттеулер орталығының жетекші сарапшысы Азамат Сәменов осылай деп есептейді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі».


«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында коронавирус пандемиясының салдарынан туындаған жағдайларға байланысты мәселелерді қозғады, Үкімет жұмысына баға берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін де қозғады. Әрине, бұл салада қазір құлдырау орын алды, себебі карантиндік шектеулер ШОБ кәсіпорындарының жұмысына әсер етеді. Президент бұл келеңсіз үрдіс байқалып отырған өңірлерді атап өтті. Бізде шағын және орта бизнес, негізінен, тауарлар мен қызмет көрсету көлемі бойынша 42 пайыз құрайтынына назар аударсақ, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында шоғырланған. Және осы екі қалада коронавирустың кең таралуы байқалды. Бұл осы қалалардың жалпы өңірлік өніміне де, егер бар үрдістер жалғасатын болса, елдің ЖІӨ-де де әсер етеді. Елдің қалған өңірлерінің, тіпті Шымкенттің де ШОБ-те үлесі аз. Алматы мен Нұр-Сұлтаннан кейін ШОБ кәсіпорындарының өндіріс көлемі бойынша Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары орналасқан",-деді А. Саменов.


Оның айтуынша, шағын және орта бизнес карантиндік шектеулер қолданылатын кезеңге мемлекеттік қолдауды қажет етеді. Үкімет отырысы барысында Президент ШОБ-ты қолдау үшін бірқатар теңдессіз шаралар қабылданатынын атап өтті. Екінші жағынан, кәсіпкерлер халықтың өте қиын жағдайда екенін, көптеген адамдар жұмыс пен табыстан айырылғанын, басқалардың табысы төмендегенін ескеруі тиіс. Мұндай уақытта ең қажеттісі - азық – түлік пен дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу керек, өкінішке орай қазір сондай жағдай байқалып жатыр.



Қарау саны: 5924
Сақталған: 20.07.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!