Post-COVID: Globalization trends

09.11.2020

Поляк ғалым-экономисті Adam Mateusz Suchecki (Адам Матеуш Сухецкий) Экономикалық зерттеулер институтының ‘Post-COVID: globalization trends’  халықаралық конференциясына қатысады.

Онлайн-конференцияның тікелей көрсетілімі 2020 жылғы 11 қарашадаНұр-Сұлтан уақыты бойынша 21.00-де өтеді.

Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан, АҚШ, Германия, Нидерланды, Түркия, Польшаның жетекші экономистерінің қатысуымен пікірталас алаңын ұйымдастырады. 

Талдамалық пікір-талас интеграциялық даму стратегиясына, жаһандық экономикаға арналған.
Халықаралық сарапшылар ең өзекті және резонанстық тақырыптарды талқылауға дайын

Адам Матеуш Сухецкий, экономика ғылымдарының докторы, 2009 жылдан бастап Лодзь университетінің (Польша) экономика және әлеуметтану факультетінің Мемлекеттік қаржы кафедрасында жұмыс істейді. 

Оның ғылыми қызығушылықтары мемлекеттік қаржы және экономикамен байланысты.
Ғалымның еңбектері мемлекеттік бюджеттің тиімділігіне, жергілікті өзін-өзі басқару саясатына, сондай-ақ мәдениет саласындағы экономикаға арналған.

Адам Матеуштың мақалалары халықаралық ғылыми базаларда жарияланады және жоғары рейтингке ие. Ол «Польша муниципалдық бюджетінің мәдени мекемелердің жекелеген санаттарына арналған шығыстарын кеңістік-уақыттық талдау...», «Польша провинцияларындағы мәдениет кірістері мен шығыстарының икемділігі», «Польшадағы мәдениетке арналған өңірлік шығыстарды кеңістіктік әртараптандыру», «Салыстырмалы экономикалық зерттеулер» және т. б. сияқты еңбектердің авторы.

11 қарашада поляк ғалымы халықаралық пікірталасқа қатысады. Жіберіп алмаңыз!


Қарау саны: 5814
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!