Онлайн-сауалнама
09.11.2020
Сіздерді кәсіпкерлік саласындағы ахуалды бағалау және жақсарту үшін сауалнамаға қатысуға, сондай-ақ Қазақстанда бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту бойынша өз ұсыныстарыңызбен бөлісуге шақырамыз.
Бұл сауалнаманы Economic Research Institute (ERI), ҰКП және ҚР ҰЭМ Мемлекет басшысының реттеуді «таза парақтан» енгізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүргізеді, ол мемлекеттік реттеудің барлық ауқымын (оның ішінде талаптарды, есептілікті, рұқсаттарды, мемлекеттік бақылауды) түбегейлі қайта қарау және бизнесті мемлекеттік реттеудегі базалық тәсілдерді өзгерту арқылы мүлдем жаңа кешенді және тиімді реттеуді құруды көздейді.
Онлайн-сауалнама Электрондық үкімет порталында орналастырылған: https://dialog.egov.kz/ («Электрондық Үкімет» порталы - Ашық диалог – Сауалнамадан өту – Реттеушілік талаптарға байланысты проблемалық мәселелерді жинау)
Қарау саны: 6015 |
|
|