Сарапшы пікірі: Әлібек Райпов

10.07.2020

Президент қозғаған мәселелер бойынша Кәсіпкерлікті дамыту орталығының жетекші маманы Райпов Әлібек Caravan.kz медиа порталының тілшісіне өз пікірін білдірді.

“Президент расымен де көптеген мәселелерді айтты. Пандемия кезінде қазір экономикалық жағынан да, барлық жағынан қиындап тұр. Дағдарыстық жағдай туралы мәселе көтерілуі керек болды, сол мәселе көтерілді. Бізге расымен де дәрі-дәрмекті өзіміз шығару керекпіз. Қазіргі таңда көптеген дәрі-дәрмектер қымбат тұрады, өзімізде шықса басқаша болады деп ойлаймын. Бұл үлкен мәселе. Дәріхана басшылары да, осы мәселені ойлау керек. Дәрі-дәрмекті алатын өзіміздің халқымыз, сондықтан баға қымбаттамауы керек. Қарапайым халық болсын, биліктегілер болсын мәдениет пен руханиятымызды қолға алуымыз керек. Экономика жағын айтатын болсам, ол жағы да пандемия кезінде құлдырап тұрғаны рас. Өте күрделі мәселе. Барлық мәселерді қолға алуымыз керек. Президенттің көтерген проблемалардың барлығы өзекті әрі орынды”, - деп жауап берді Райпов Әлібек.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/



Қарау саны: 6101
Сақталған: 10.07.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!