Post-COVID: Globalization trends
10.11.2020
Экономикалық зерттеулер институтының халықаралық конференциясына белгілі экономист, «Еуразиялық зерттеулер» ғылыми-талдау порталының бас редакторы Юрий Кофнер қатысады.
Онлайн-конференцияның тікелей көрсетілімі 2020 жылғы 11 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21.00-де өтеді.
Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан, АҚШ, Германия, Нидерланды Корольдігі, Польша, Түркияның жетекші экономистерінің қатысуымен пікірталас алаңын ұйымдастырады. Талдамалық пікір-талас интеграциялық даму стратегиясына, жаһандық экономикаға арналған.
Халықаралық сарапшылар ең өзекті және резонанстық тақырыптарды талқылауға дайын.
Jurij C. Kofner (Юрий Кристофер Кофнер) Германияда 15 жыл және Ресейде 10 жыл өмір сүрді. Халықаралық қолданбалы жүйелік талдау институтында (IIASA) (Вена, Австрия), Мюнхендегі Экономикалық зерттеулер институтында (Германия), Мәскеудегі Жоғары Экономика мектебінде ғылыми қызметпен айналысқан.
Қазіргі уақытта MIWI - Нарықтық интеграция және экономикалық саясат институтының (Мюнхен, Германия) кіші экономисі болып табылады.
Кофнер мырза өзін еуразияшыл деп санайды. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Ресей Федерациясы үшін зерттеу жобаларын орындаған еуразиялық экономикалық интеграцияның әлемдегі бірінші және жалғыз академиялық бөлімінің негізін қалаушы және басшысы болып табылады. Ол Сколково дамушы нарықтарды зерттеу институтымен және басқа да халықаралық ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Оның кәсіби мүдделерінің негізі: өңірлік экономикалық интеграция және оған байланысты экономикалық саясатты әзірлеудің барлық аспектілері, халықаралық сауда және логистика, тікелей шетелдік инвестициялар және оларға кедергі келтіретін факторлар, өнеркәсіптік саясат, экономикалық өсу модельдері, еуразиялық интеграция, «Үлкен Еуропа» жобасы және т. б. бар.
11 қарашада ғалым Қазақстан аудиториясы үшін алғаш рет сөз сөйлейді. Жіберіп алмаңыз!
Қарау саны: 5705 |
|
|