Post-COVID: Globalization trends

10.11.2020

Экономикалық зерттеулер институтының халықаралық конференциясына «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының директоры Долорес Тюлебекова қатысады.

 

Онлайн-конференцияның тікелей көрсетілімі 2020 жылғы 11 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21.00-де өтеді.

 

Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан, АҚШ, Германия, Нидерланды Корольдігі, Түркияның жетекші экономистерінің қатысуымен пікірталас алаңын ұйымдастырады. Талдамалық пікір-талас интеграциялық даму стратегиясына, жаһандық экономикаға арналған.

 

Халықаралық сарапшылар ең өзекті және резонанстық тақырыптарды талқылауға дайын.

 

Долорес Тюлебекова-PhD докторы, Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультеті Саясаттану кафедрасының оқытушысы. Оның ғылыми зерттеулері Орталық Азияның көлік дәліздерінің дамуымен, Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық интеграциясымен байланысты.

 

2007 жылы Долорес Варшава мемлекеттік университетін Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірді, 2014 жылы сол университетте «Орталық Азияның (ОА) транзиттік әлеуеті» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

 

Долорес Тюлебекова ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің сарапшысы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Экономикалық интеграция департаментінің бас сарапшысы, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Экономикалық интеграция департаменті директорының м.а. болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта Экономикалық зерттеулер институты базасында талдау қызметін жалғастыруда, ЭЗИ Әлемдік экономиканы зерттеу орталығын басқарады.

 

11 қарашада Долорес Тюлебекова Қазақстанның интеграциялық үрдістеріне қатысты сараптамалық пікірімен бөліседі. Жіберіп алмаңыз!



Қарау саны: 5685
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!