Сарапшы пікірі: Куаныш Бейсенгазин және Мадияр Кенжебулат

10.07.2020

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, оның барысында дағдарысқа қарсы шаралар жөнінде бірқатар мәлімдеме жасады. Экономикалық зерттеулер институтының мамандары Мемлекет басшысының тезистеріне баға берді, деп хабарлайды  zakon.kz.

Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры Қуаныш Бейсенғазин Президенттің Ұлттық қордан берілетін трансферттер туралы сөзін атап өтті. Оның пікірінше, нысаналы трансферт - дағдарыс кезіндегі ең тиімді әдіс.

Коронавируспен күреске бюджеттен үлкен қаражат жұмсалды. Пандемия кезінде халықтың табысы төмендеуде. Болашақта бюджетпен үлкен проблемалар туындамас үшін, біз кіріс және шығыс бөлігін қалай ұлғайту керектігін ойлауымыз керек. Жалпы Ұлттық қордан жыл сайын трансферт түрінде ақша бөлінеді. Олар, әдеттегідей, нысаналы сипатта болмады. Қазір Президент бұл ақшаның нақты нысаналы болуын және инфрақұрылымға, не әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалуын ұсынды, - деді Бейсенғазин.

Оның айтуынша, осылайша халық түсімдер көзін біліп, қаражаттың бөлінуіне тиісті мониторинг жүргізілетіндігін атап өтті.

Онымен жетекші ғылыми қызметкер Мадияр Кенжеболат келісті. Оның айтуынша, Қазақстан экономикасындағы бюджеттік шығындар жалпы жетілдіруді қажет етеді.

Мен Мемлекет басшысының ақша нысаналы мақсатта жұмсалуы тиіс деген бастамасымен келісемін. Алдағы үш жылда қателеспесем, Ұлттық қордан 7,7 трлн теңге кепілдендірілген трансфер ретінде бөлінеді. Егер бұл ақша әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалатын болса-бұл дұрыс шешім болады, - деп атап өтті ол.



Қарау саны: 6050
Сақталған: 20.07.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!