Әлемдік дарындар рейтингі 2020
12.11.2020
Әлемдік дарындар рейтингі 2020 2020 жылдың 12 қарашасында Халықаралық менеджментті дамыту институты (IMD, Лозанна, Швейцария) жыл сайынғы дарындар рейтингісінің нәтижелерін жариялады. 2020 жылғы рейтингте Швейцария (1-орын), Дания (2-орын) және Люксембург (3-орын) жетекші елдер болды. Топ 10 елдің қатарына: Исландия (4-орын), Швеция (5-орын), Австрия (6-орын), Норвегия (7-орын), Канада (8-орын), Сингапур (9-орын) және Нидерланды (10-орын) кірді. Тізімнің соңында Словакия (61-орын), Үндістан (62-орын) және Моңғолия (63-орын) орналасқан. Рейтингке барлығы 63 ел қатысады. Қазақстан 44-орынды иеленді. IMD дарындар рейтингі бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін дарындарды дамыту және тарту үшін экономиканың әлеуетін көрсетеді. Экономиканың кадрлық резервінің сапасын бағалау үш факторға негізделеді. «Инвестициялар және даму» факторы экономиканың отандық дарындарды дамытуға қалай ықпал ететінін көрсетеді, «Тартымдылық» факторы халықаралық кадр резервінің өкілдерін тартумен қатар экономиканың жергілікті дарындарды қаншалықты сақтайтынын көрсетеді, «Дайындық» факторы елде қолжетімді дағдылар мен құзыреттердің сапасын өлшейді. Зерттеу көрсеткендей, биылғы үрдістер өткен бақылауларға сәйкес келеді: білімге инвестиция салатын елдер бәсекеге қабілетті экономика болып табылады. Сонымен қатар, білім беруді дамытудың тұтас тұжырымдамасы өз еліндегі дарындарды дамыту мен сақтау өлшемшарттарының бірі болып табылады. 2020 жылғы рейтингте әлемнің жетекші экономикалары білім беру процесінің әр кезеңінде дарындарды дамытуға күш салуда. Сондай-ақ, түйінді үрдістердің бірі адамдар мен идеяларға қатысты ашықтық болып табылады. Білім берудің ұтқырлығы да маңызды фактор болып табылады. Зерттеу нәтижелерімен Халықаралық менеджментті дамыту институтының http://www.imd.org/wcc/ ресми сайтынан танысуға болады.
Қарау саны: 6153 |
|
|