Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, оның барысында дағдарысқа қарсы шаралар жөнінде бірқатар мәлімдеме жасады. Экономикалық зерттеулер институтының мамандары Мемлекет басшысының тезистеріне баға берді, деп , хабарлайды zakon.kz.
Кәсіпкерлікті дамыту орталығының жетекші сарапшысы Данна Гафятуллина пандемия жағдайында шағын және орта бизнестің цифрлық мониторингінің маңыздылығын атап өтті.
"Менің білуімше, қазір цифрлық бақылау жасау жұмыстары жүргізілуде. Шартты "ЖК Ахметов" 3 млн бюджет қаражатын алады. Бұл жағдайда оның қосымша жұмыс орындарын тарту, жалақы төлеу туралы қарсы міндеттемесі болады. Сәйкесінше, бюджеттің кіріс бөлігі салықтарды қайтару түрінде толықтырылады", - деді ол.
Осылайша, күрделі кезеңде адамдар ШОБ субъектілері арқылы жалақымен және жұмыс орындарымен тұрақты қамтамасыз етіледі.
Шын мәнінде, Қазақстан бизнесті қолдау үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қабылдаған Азиядағы алғашқы елдердің бірі болды. Бұл салықтар, несие төлеу және тағы басқалар бойынша шегеру беру. Көріп отырғанымыздай, коронавируспен болған жағдай бизнес үшін үлкен қауіп төндіруде, - деді Гафятуллина.