Сарапшы пікірі: Салтанат Ахметжанова

11.07.2020

Қазақстанға азық-түлік қауіпсіздігі бойынша стратегиялық құжат қажет. "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшысы Салтанат Ахметжанова осылай деп есептейді, деп хабарлайды"ҚазАқпарат" ХАА тілшісі».


«Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 пандемиясы кезінде көрініс тапқан еліміздің азық-түлікпен қамтамасыз етуінің әлсіздігін атап өтті. Елді азық-түлікпен қамтамасыз ету азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері "Ұлттық қауіпсіздік туралы" ҚР Заңында, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" ҚР Заңында, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген. Біздің елімізде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Әр уақытта Қазақстанда Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы, Жүзім шаруашылығы мен шарап жасау ісін қалпына келтіру және дамыту бағдарламасы және басқалары сияқты салалық бағдарламалар жұмыс істеді. Сонымен қатар, азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі елдің агроөнеркәсіп кешенін жалпы дамыту контексінде емес, жеке стратегиялық маңызды бағыт ретінде қарастырылуға тиіс", - деді С.Ахметжанова.


Оның айтуынша, қазіргі уақытта азық-түлік қауіпсіздігі бойынша жеке стратегиялық құжат әзірлеу орынды болып табылады, аталған құжат Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуде бар тәсіллерді шоғырландырады және жүйелейді. Құжат бейінді халықаралық ұйымдардың, сараптамалық қоғамдастықтың, оның ішінде фермерлік шаруашылықтар, дамыған аграрлық мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің ұсынымдарын ескеруі, сондай-ақ ең үздік әлемдік тәжірибені қамтуы тиіс.


Сонымен қатар, С.Ахметжанованың пікірінше, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шекті мәндер мен индикаторлар, яғни сыни мәндер жүйесін әзірлеу қажет, олардың шегінен тыс шығу уақтылы шаралар қабылдау қажеттілігі туралы мәлімдейді.




Қарау саны: 6083
Сақталған: 20.07.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!