Жас зерттеуші-2020
18.11.2020
Экономикалық зерттеулер институты жас талдамашыларға арналған конкурс жариялайды «Экономикалық
зерттеулер институты» АҚ «Ортақ іс – Ортақ мақсат – Қазақстанның көркеюі»
зияткерлік жобасының іске қосылғаны туралы хабарлайды, аталған жоба шеңберінде
«Жас зерттеуші-2020» республикалық конкурсы өткізіледі. Жоба жас зерттеушілерді қолдауға-сараптамалық-талдамалық дағдыларын арттыруға бағытталған. Жеңімпаздар «Жас зерттеуші-2020» мектебінде экономика бойынша онлайн-курстардан өту мүмкіндігіне ие болады. Экономикалық зерттеулер институты отандық жоғары оқу орындарында экономикалық және қаржылық бағыттар бойынша білім алатын 3-4 курс студенттерін, сондай-ақ магистранттар мен 29 жасқа дейінгі магистрлерді қатысуға шақырады. Конкурстың негізгі талабы – болжамды ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша
қазақ немесе орыс тілдерінде-көлемі 1000 баспа белгісінен аспайтын эссе жазу.
Эссе зерттеу тақырыбының өзектілігін; автордың таңдалған тақырып бойынша жұмыс
гипотезасын; ағымдағы жағдайды талдауды; қорытындылар мен ұсыныстарды қамтуы
тиіс. Бағалау
мазмұны үшін жалпы балды шығару арқылы келесі өлшемшарттар бойынша жүргізіледі:
Үздік конкурс жұмыстарының авторлары 2021 жылдың наурыз айында «Жас зерттеуші-2020» мектебінде экономика бойынша онлайн-курстардан өту, сондай-ақ Институт сарапшыларымен бірлескен зерттеу жүргізу мүмкіндігіне ие болады. Таңдалған тақырыптардың бірі бойынша ұжымдық талдамалық жазба дайындау, сондай-ақ Институт сарапшыларымен бірлескен ғылыми мақаланы ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдардың бірінде жариялау жұмыс нәтижесі болады. Қатысуға
өтінімдер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін (сағат 18.30-ға дейін) Эссе тақырыбын
міндетті түрде көрсете отырып, мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады:
konkurs@eri.kz. Хатқа қосымшада келесі құжаттарды жіберу қажет:
Конкурстық құжаттама және өтінімдерді ресімдеу бойынша түсініктеме беретін жауапты тұлға-Кашкинбекова Гульмира, телефоны 8-701-227-37-72 Онлайн-конкурс жеңімпаздарының тізімі ҚР БҒМ мен Экономикалық
зерттеулер институтының сайтында 2020 жылғы 21 желтоқсаннан кейін жарияланады.
Қарау саны: 6141 |
|
|