Жас зерттеуші-2020

18.11.2020

Экономикалық зерттеулер институты жас талдамашыларға арналған конкурс жариялайды

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ «Ортақ іс – Ортақ мақсат – Қазақстанның көркеюі» зияткерлік жобасының іске қосылғаны туралы хабарлайды, аталған жоба шеңберінде «Жас зерттеуші-2020» республикалық конкурсы өткізіледі.

Жоба жас зерттеушілерді қолдауға-сараптамалық-талдамалық дағдыларын арттыруға бағытталған. Жеңімпаздар «Жас зерттеуші-2020» мектебінде экономика бойынша онлайн-курстардан өту мүмкіндігіне ие болады.

Экономикалық зерттеулер институты отандық жоғары оқу орындарында экономикалық және қаржылық бағыттар бойынша білім алатын 3-4 курс студенттерін, сондай-ақ магистранттар мен 29 жасқа дейінгі магистрлерді қатысуға шақырады.

Конкурстың негізгі талабы – болжамды ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде-көлемі 1000 баспа белгісінен аспайтын эссе жазу. Эссе зерттеу тақырыбының өзектілігін; автордың таңдалған тақырып бойынша жұмыс гипотезасын; ағымдағы жағдайды талдауды; қорытындылар мен ұсыныстарды қамтуы тиіс.

 

Бағалау мазмұны үшін жалпы балды шығару арқылы келесі өлшемшарттар бойынша жүргізіледі:

  • Өзектілігін ашу;
  • Жаңашылдық дәрежесі (зерттеу әдістері мен идеяларының бірегейлігі, стандартты емес тәсіл);
  • Жұмыстың сәйкестігі: зерттеудің белгіленген тақырыбына, мақсаттарына, міндеттеріне;
  • Тақырыпты ашу дәрежесі;
  • Дәлелділік, тұжырымдардың расталуы, заманауи әдістерді қолдану, фактілердің болуы, логика, құрылымдау, дербестік;
  • Мәселені шешудің ұсынылған жолдарының теориялық негіздемесі;
  • Материалды ресімдеу, дереккөздер базасын талдау, мазмұндаудың анықтығы.    

Үздік конкурс жұмыстарының авторлары 2021 жылдың наурыз айында «Жас зерттеуші-2020» мектебінде экономика бойынша онлайн-курстардан өту, сондай-ақ Институт сарапшыларымен бірлескен зерттеу жүргізу мүмкіндігіне ие болады.

Таңдалған тақырыптардың бірі бойынша ұжымдық талдамалық жазба дайындау, сондай-ақ Институт сарапшыларымен бірлескен ғылыми мақаланы ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдардың бірінде жариялау жұмыс нәтижесі болады.

Қатысуға өтінімдер 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін (сағат 18.30-ға дейін) Эссе тақырыбын міндетті түрде көрсете отырып, мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: konkurs@eri.kz. Хатқа қосымшада келесі құжаттарды жіберу қажет:

  • Түйіндеме;
  • Эссе* таңдалған бір тақырыпқа (көлемі-1000 белгіден артық емес; кегль - 14, қаріп – Times New Roman; интервалы – бір; бет параметрлері: жоғарғы -2 см, төменгі -2 см, сол – 2,5 см, оң  – 2 см)
  • Жеке куәлік (көшірмесі);
  • Сертификаттар, грамоталар (көшірмелер);
  • Ғылыми жарияланымдар (тезистер, мақалалар және т. б.) (көшірмелер);
  • Нысан бойынша толтырылған өтінім:

Тегі:

 

Аты:

 

Әкесінің аты:

 

Туған күні:

 

ЖОО/Ұйымның атауы

 

Өңір:

 

Факультет:

 

Мамандығы:

 

Оқу басталған жыл:

 

Оқуды бітірген жылы:

 

Таңдалған зерттеу

тақырыбы:

 

Электрондық пошта:

 

Телефон:

 

Конкурстық құжаттама және өтінімдерді ресімдеу бойынша түсініктеме беретін жауапты тұлға-Кашкинбекова Гульмира, телефоны 8-701-227-37-72

Онлайн-конкурс жеңімпаздарының тізімі ҚР БҒМ мен Экономикалық зерттеулер институтының сайтында 2020 жылғы 21 желтоқсаннан кейін жарияланады.




Қарау саны: 6123
Сақталған: 18.11.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!