Сарапшы пікірі: Бақытгүл Қамбар

11.07.2020

Экономикалық зерттеулер институтының маманы Бақытгүл Қамбар жұмысы тұралап қалған ұсақ кәсіпорындарға қолдау керек дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі шағын бизнесте мыңдаған адам нәпақасын тауып жүр. Маманның пікірінше, Үкімет экономиканы тұрақтандыру шараларын қайта қарап, жауапкершілікті күшейтуі тиіс. Бастысы Президент тапсырмасының орындалуын қатаң бақылау қажет.

Бақытгүл Қамбар, «Экономикалық зерттеулер институтының» стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығының директоры: – Әрбір адамның өз басына жауапкершілік алатын кезі келді деп ойлаймын. Сондықтан ең әуелі осы дағдарыстан өтетін болсақ, экономиканың түзелетін кезеңі келер алда. Дегенмен қазіргі бұл үлкен сын біздің елдің ғана басына түсіп отырған жоқ. Көптеген елдің экономикасы осыны басынан кешіп отыр. Әрбір ел өзінің стратегиялық бағытын түзету шараларын қолға алып жатыр.

Осы категория бойынша: « Үкімет жоспары экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете алмай жатыр – экономист



Қарау саны: 6248
Сақталған: 11.07.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!