ЭЫДҰ

20.11.2020

2020 жылғы 17 қарашада цифрлық технологияларды тарату үшін адами капиталды дамыту жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті. Бұл іс-шара «Қазақстанда экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру стратегиясы» жобасына арналған ЭЫДҰ ұйымдастырған вебинарлар сериясының бір бөлігі болып табылады.

Өнімділікті арттыру және қазіргі заманғы неғұрлым сапалы жұмыс орындарын құру үшін цифрлық трансформация процесін түсіну қажет - ол халықтың барлық сегменттері үшін цифрлық технологиялар саласында икемдер мен дағдыларды дамытуға жағдай жасау. Бұл мәселелер цифрлық технологияларды тарату үшін адами капиталды дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланды; ЭЫДҰ қатысушыларды «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын, атап айтқанда, оның «Адами капиталды дамыту» бағытын іске асыруға көмектесетін озық тәжірибемен таныстырды.

Вебинарды ашқан ЭЫДҰ Халықаралық қатынастар жөніндегі хатшылығының Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің басшысы Уильям Томпсон жобаның мақсаты Қазақстанға экономиканы әртараптандыруды күшейту саласындағы саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдем көрсету болып табылатынын атап өтті. Жоба үш негізгі салаға бағытталған: цифрлық технологияларды тарату үшін адами капиталды дамыту, жетіспейтін салаларға инвестициялар тарту және аграрлық азық-түлік секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл тәсіл негізгі саяси-экономикалық проблемаларды айқындау, экономикалық саясаттың басым шараларына қатысты ұсынымдар дайындау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында мұқият талдау жұмысын және экономикалық қызметтің жекелеген түрлеріндегі әлеуетті дамытуды көздейді. Жоба шеңберінде жүргізілген талдау нәтижелеріне сүйене отырып, ЭЫДҰ талдаудың егжей-тегжейлі сипаттамасы және саяси-экономикалық ұсынымдары бар қорытынды есепті дайындайды.

Бұдан әрі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов сәлемдесу сөзімен сөйледі. Ол Covid-19 короновирустық инфекциясының пандемиясынан туындаған цифрлық трансформацияны жеделдету бизнес пен үкіметтің жұмысын түбегейлі және қайтарымсыз өзгертетінін атап өтті.

ЭЫДҰ-ның Еуразия елдерімен жұмыс жөніндегі экономикалық талдаушысы Пьер-Эрик Тримуйя Қазақстанда цифрлық технологияларды тарату үшін адами капиталды дамыту тақырыбында баяндама жасады. Жалпы, ол адамдар мен бизнес арасындағы сандық теңсіздікке байланысты COVID-19 контекстіндегі негізгі мәселелер мен ұсыныстарды атап өтті:

Халықтың цифрлық теңсіздігін төмендету үшін мемлекеттік саясаттың басымдықтары:
  1. Барлығы үшін инфрақұрылым мен цифрлық дағдыларға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  2. Тұтынушылардың жекелеген топтары үшін интернетке қол жеткізуге байланысты қаржылық жүктемені азайту;
  3. Жеткізу қызметтері арқылы сатып алу контексінде осал топтар үшін атаулы шараларды іске асыру;
  4. Тұтынушыларды қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  5. Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру.
Компаниялардың цифрлық теңсіздігін төмендету үшін мемлекеттік саясаттың басымдықтары:
  1. Барлық компаниялар үшін бірыңғай жағдайларды қамтамасыз ету;
  2. Электрондық үкімет арқылы әкімшілік жүктемені азайту;
  3. Реттеудің икемділігін қамтамасыз ету (мысалы, байланыссыз төлемдер лимиттері);
  4. Компанияларды цифрлық трансформациялауға, ШОК ерекшеліктеріне (кәсіптік даярлау және қайта даярлау, қашықтықтан жұмыс істеуге субсидиялар) жәрдемдесу.
Вебинардың қорытынды бөлімі подиумдық пікірталасқа арналды, онда Қазақстанның жауапты саяси басшылығының өкілдері халықтың цифрлық технологиялар саласындағы біліктері мен дағдыларын дамыту бойынша жұмыстағы өз табыстары туралы айтты. Қатысушылар сонымен қатар білім беру және электрондық мемлекеттік қызметтерді қоса алғанда, бірқатар салалардағы коронавирустық дағдарыстың салдарын жеңілдетудің қазіргі мәселелері мен тәсілдерін талқылады. Сондай-ақ, вебинар цифрлық технологияларға көшудің тиімді және нәтижелі стратегиялары мен әдістерін әзірлеу саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізген Эстонияның озық тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берді.

Анықтамалық: ЭЫДҰ-1948 жылы құрылған және өкілді демократия мен еркін нарықтық экономика қағидаттарын мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы. ЭЫДҰ-ның мақсаты тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу болып табылады. 37 ел ЭЫДҰ мүшелері болып табылады. Қазақстан 2008 жылдан бері ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді.




Қарау саны: 5673
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!