Сарапшы пікірі:Индира Бейсекеева

12.07.2020

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ жетекші маманы Индира Бейсекеева Мемлекет басшысының ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзін қолдады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Сарапшы Президенттің Қазақстанда дәрі-дәрмек шығаратын зауыт қажет деген сөзін дұрыс деп санайды.

"Менің ойымша, Президент бізде туындаған дәрі-дәрмектермен байланысты жағдайды дұрыс айтты. Маған оның осы мәселелерді шешу бойынша тапсырмасы ұнады. Қазақстанда дәрі-дәрмек шығаратын зауыттар қажет", - деді ол.

Үкімет отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың импорттық дәрілерге тәуелділігі туралы айтты.

"Қазақстанда көптеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар өндірісін жолға қою уақыты келді. Біз импорттық дәрілерге қай уақытқа дейін тәуелді боламыз? Біздің абыройымыз қайда?",- деп атап өтті отырыста Президент.

"Маған Мемлекет басшысының ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар - автордың ескертпесі) көтеру қажеттігіне назар аударғаны ұнады. Осыны да дәрі-дәрмектермен ғана емес, басқалармен да байланыстыруға болады. Тұтастай алғанда, Қазақстан өзін шикізат елі ретінде көрсетті, қазір біз өз өнеркәсібін шикізаттық емес секторға пішімдеп жатырмыз. Бұл жақсы", - дейді Индира Бейсекееваа.

Оның айтуынша, кейбір дамыған елдерде ҒЗТКЖ - бұл әрбір кәсіпорын осы құралдарды пайдаланатын, барлық нарықта бағаланатын бәсекеге қабілетті тауарларды жетілдіретін және шығаратын бағыттардың бірі.

"Бұл тұрғыда Қазақстан Еуразиялық одақ елдерімен салыстырғанда біршама артта қалып отыр. Олар өз жүйесін құрды, оларға осы тұрғыдан жақсы мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Көпшілігі ҒЗТКЖ-бұл болашақ екенін түсінді. Оңтүстік Корея мен Жапония сияқты көптеген дамыған елдер, алға шықты", - деді ол.

Сарапшының айтуынша, Үкімет Қазақстан дағдарыстан және осы күрделі жағдайдан сәтті шығуы үшін Президент көрсеткен шараларды түсінуі және орындауы тиіс.


Қарау саны: 6278
Сақталған: 20.07.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!