Экономикалық зерттеулер институты «Жас Зерттеуші-2020» Конкурсына қатысу үшін өтінім беру мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2021 жылдың 1 ақпанына дейін (сағат 18.30-ға дейін) тапсыру қажет.«Ортақ іс-Ортақ мақсат - Қазақстанның көркеюі» зияткерлік онлайн – жобасы - бұл өз білімдері мен талдамалық дағдыларының жиынтығын толықтыру, экономика бойынша онлайн-курстарда оқудан өту, сондай-ақ Институт сарапшыларымен бірлесіп ғылыми зерттеу жүргізу мүмкіндігі.
Жоба шеңберінде 3-4 курс студенттері, экономика және қаржы мамандықтарының магистранттары, сондай-ақ 29 жасқа дейінгі магистрлер үшін «Жас зерттеуші-2020» республикалық конкурсы өткізіледі.
Конкурстың негізгі талабы – болжамды ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде көлемі 1000 баспа белгісінен аспайтын эссе жазу. Эссе зерттеу тақырыбының өзектілігін; автордың таңдалған тақырып бойынша жұмыс гипотезасын; ағымдағы жағдайды талдауды; қорытындылар мен ұсыныстарды көрсетуі тиіс.
Толығырақ ақпарат және конкурстық құжаттама Экономикалық зерттеулер институтының сайтында мына сілтеме бойынша орналастырылған:
/kz/Zas_zertteush_2020/