Төмен көміртекті экономикалық даму
30.11.2020
Парник газдары шығарындыларының төмен деңгейімен ұзақ мерзімді даму стратегиясын әзірлеуге шақыратын Париж келісімінің 4.19 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасы 2050 жылға дейінгі төмен көміртекті экономикалық дамудың ұлттық стратегиясын (ТКДС) әзірлейді (LEDS-Strategyfor Low Carbon Economic Development).
GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы жүзеге асыратын «Қазақстан мен Орталық Азиядағы жасыл экономикаға төмен көміртекті экономиканы дамытуға жәрдемдесу» жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ТКДС-ды әзірлеуде қолдау көрсетеді. ТКДС-ды әзірлеуді жүзеге асыру үшін жүйелік динамика саласындағы экономикалық модельдер мен модельдерді модельдеуде үлкен тәжірибесі бар DIWEcon және KnowlEdgeSrl халықаралық консультанттары тартылды. Қазақстан тарапынан, ТКДС-ды әзірлеуде саяси әріптес ретінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭГТРМ) әрекет етеді. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және «Жасыл Даму» АҚ ұлттық әріптестер және елдің төмен көміртекті даму жолына әділ көшу жөніндегі шараларды бағалау үшін осы жоба шеңберінде әзірленетін модельдеу құралдарының негізгі бенефициарлары болып табылады. Осы жоба шеңберінде ҚР төмен көміртекті даму стратегиясы және төмен көміртекті дамуға көшу жөніндегі шараларды бағалаудың экономикалық-математикалық құралдары әзірленіп, олар ҚР ұлттық серіктестеріне берілетін болады. Төмен көміртекті дамуға көшу жөніндегі шараларды бағалау құралдары жалпы тепе-теңдіктің динамикалық есептелетін моделі (DCGEmodel), елдің энергетикалық жүйесінің моделі (TIMES) және шығарындыларды азайту мен климаттың өзгеруі жөніндегі шараларға неғұрлым осал салаларды қамтитын төрт салалық модель болып табылады: ауыл шаруашылығы, халық, көлік және көмір өндіру. Аталған модельдерді әзірлеу үшін GIZ, DIWEcon, KnowlEdgeSrl, ERI, Жасыл Даму және т. б. сарапшылар қатарынан үш команда құрылды. Сарапшылар арасындағы күнделікті және апта сайынғы онлайн кездесулер, пікір және ақпарат алмасу MSTeams платформасы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, 2020 жылдың тамызында GIZ DCGE командасы үшін GAMS бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып, 10 күндік CGE практикалық модельдеу бойынша онлайн-тренинг ұйымдастырды. Бұл тренингтің дәріскері Ecomod халықаралық модельдеу мектебінің президенті, профессор Али Баяр болды. Қазіргі уақытта барлық модельдер үшін кіріс айнымалыларының алғышарттары мен болжамын келісу және олардың өзара байланысы бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, Стратегияның сипаттамалық бөлігі дайындалды. Жалпы, төмен көміртекті даму және стратегияны әзірлеу процестерінің басталуы үлкен артықшылықтарға ие:
Қарау саны: 5866 |
|
|