Экономика, Энергетика, Эмиссия

30.11.2020

Көптеген елдерде климаттың өзгеруінің экономикалық дамуға әсерін бағалау тәжірибесі жоқ. Соған қарамастан, климаттық тәуекелдерді бағалаудың сенімді әдістерін қолдану өзекті бола түсуде – мұндай тәуекелдерді түсіну климаттың өзгеруіне төзімді ұзақ мерзімді даму стратегияларын қабылдауға және бейімделудің дәйекті жоспарларын жасауға мүмкіндік береді.

GIZ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы және GWS халықаралық консультанты (Gesellschaftfür Wirtschaftliche Strukturforschung - Құрылымдық экономикалық зерттеулер институты) Қазақстан, Грузия және Вьетнамдағы әріптестерімен бірге жүзеге асыратын «Климаттың өзгеруіне бейімді экономикалық даму үшін саясатты таңдау жөніндегі ұсынымдар» жаһандық бағдарламасы климаттың өзгеруінің экономикалық салдарын және бейімдеу шараларының тиімділігін модельдейтін макроэкономикалық модельдерді әзірлеуге кірісті.

CRED жобасы шеңберінде климаттың өзгеруі әсерінің экономикалық салдарын есептеу үшін әдістер мен құралдарды енгізу бойынша жергілікті мүдделі тараптармен жұмыс жүргізілуде. Жобаның Қазақстан Республикасындағы бенефициары және саяси серіктесі ҚР Ұлттық экономика министрлігі болып табылады, осы жобаны Қазақстанда іске асыру жөніндегі серіктесі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығы болып табылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ макроэкономикалық саясат, ҚР мен оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, кәсіпкерлік ортаның дамуы бойынша зерттеулер жүргізетін ғылыми-зерттеу институты болып табылады. ЭЗИ экономикалық дамуды болжамдаудың стратегиялық құжаттары мен модельдерін әзірлейді. Осылайша, Институт саясатты әзірлеу процестерін қолдайды және Министрлікке экономикалық даму стратегиялары мен бағдарламаларын қалыптастыру үшін тиімді ұсыныстар береді.

2020 жылдың наурызында модельді әзірлеушілер тобы құрылды (7-10 адам): ERI, Жасыл-Даму, Назарбаев Университеті және «Талап» ҚЗО сарапшылары. 2020 жылдың шілдесінде Қазақстан үшін Е3.kz. (Экономика, Энергетика, Эмиссия) моделін құру бойынша әзірлеушілерге арналған алғашқы 10 күндік тренинг өтті, ол ұлттық деңгейде климаттың өзгеруінен туындаған экономикалық залалды (мысалы, құрғақшылық пен су тасқыны), сондай-ақ бейімдеу шараларының экономикалық пайдасын көрсетеді.

Осы кезеңде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ модельдеу үшін қажетті деректерді жинау, талдау, дайындау және жасалған модель сипаттамасының қажетті өлшемдерін талқылау арқылы Е3.kz моделін құруға толық қолдау көрсетті. Е3.kz моделінің иесі «Экономикалық зерттеулер институты»АҚ (ERI) болады.

CRED бағдарламасының командасы ұлттық серіктестермен және мүдделі тараптармен бірлесіп 2020 жылғы желтоқсанда өтетін «Климаттың өзгеру салдарын модельдеу және бейімделу шаралары» тақырыбындағы тренингті талқылау үшін 0020 жылғы 26 қарашада  дайындық онлайн-кездесуін өткізді. Кездесу барысында қатысушылар алдын ала әзірленген Е3.kz модельмен танысты, бағдарламаны келісті, сондай-ақ алдағы тренингтің онлайн сессиясына қосу қажет мәселелерді талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар мен олардың жұмысы үшін пайдалы болатын тренингті ұйымдастыру үшін пікірлер, ұсыныстар мен ұсынымдар алынды. CRED бағдарламасы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастыратын бес күндік тренинг климаттың өзгеруінің салдарынан болуы мүмкін экономикалық залалды бағалау үшін макроэкономикалық модельдеу құралдарын қалай пайдалануға болатынын түсінуге мүмкіндік береді.

 




Қарау саны: 5866
Сақталған: 30.11.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!