Хатшылық дөңгелек үстел

02.12.2020

2020 жылғы 27 қарашада Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық дөңгелек үстелде Қазақстандағы ТДМ-мен саясат және қаржыландыруды келісу жөніндегі БҰҰ-ның Бірлескен бағдарламасын ресми іске қосу шеңберіндегі өз жұмысының нәтижелерін таныстырды.

Осы жұмыс шеңберінде Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық халықаралық сарапшы Грегори Де Паепамен бірлесіп, ТДМ міндеттерінің қамтылуын және оларды қаржыландырудың жеткіліктілігін анықтай отырып, кейіннен жедел кешенді бағалауды жүргізе отырып, Қазақстандағы дамуды қаржыландырудың негізгі көздері мен көлемдерін айқындау бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

Дөңгелек үстел барысында Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың сарапшылары Қазақстанда ТДМ-ды барлық бағдарламалық және стратегиялық құжаттарға енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Хатшылықтың сарапшылары жасаған негізгі қорытындылар:
  • Тұрақты даму мақсаттарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен қамту 79,9% - ды құрайды (Жылдам Кешенді Бағалау, 2019). 2022 жылға дейінгі орта мерзімді стратегиялар мен бағдарламалар мәнмәтінінде - 76,3%. 13 ТДМ қамту деңгейі жоғары; 1, 5, 14 және 15 ТДМ қамту деңгейі төмен. Жылдам Кешенді Бағалау ТДМ мақсаттарының оларға қол жеткізу дәрежесін немесе олардың негізінде жатқан мақсаттарды емес, МЖЖ құжаттарында қаншалықты жақсы қамтылғанын ғана көрсететінін атап өткен жөн.
  • Жоспарлы құжаттардың барлық үш санаты бойынша (мемлекеттік жоспарлар, стратегиялық бағдарламалар және аумақтық даму жоспарлары) жеті ТДМ-ға шамалы мемлекеттік қаржыландыру бөлінеді немесе ол мүлде бөлінбейді. Сонымен қатар, бұл жеті ТДМ 2030 жылға дейінгі мерзімге сәйкес келмейді.
  • ТДМ-нің «планетарлық» аспектісі, су бойынша 6 ТДМ қоспағанда, толық қаржыландырылмайды. Бұл аспект тұрақты тұтыну мен өндіріс, климаттың өзгеруі, құрлықтағы өмір және мұхиттағы өмір саласындағы ТДМ қамтиды.
  • ТДМ-ның «нысаналы деңгейінде» мемлекеттік шығыстардың негізгі бөлігі едәуір дәрежеде ТДМ-ның бірнеше міндеттеріне шоғырланған.
Анықтамалық:

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қазақстанда интеграцияланған ұлттық қаржыландыру құрылымын (ИҰҚҚ) әзірлеу жолындағы ТДМ-мен саясат және қаржыландыру шараларын келісу жөніндегі Бірлескен бағдарламасы. Бағдарламаны БҰҰ ТДМ жөніндегі біріккен қоры қаржыландырады және оны БҰҰ-ның үш агенттігі, атап айтқанда БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және БҰҰ АТМЭӘК іске асырады. Бұл жоба 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Тұрақты даму саласындағы жаһандық күн тәртібін іске асыруда БҰҰ тарапынан Қазақстан Үкіметінің тұрақты қолдауының жалғасы болып табылады.

Қазақстандағы бірлескен бағдарлама ТДМ қаржыландырудың Интеграцияланған ұлттық құрылымын іске асыру үшін қажетті басым реформалар тұжырымдамасын қалыптастыруға және елдегі ТДМ-ға қол жеткізуге қаржы ресурстарының әртүрлі нысандарының әсерін ұлғайту мақсатында қолдаушы экожүйелерді (институттар мен субъектілерді) дамыту бойынша олардың тұрақты күш-жігерін арттыру үшін мемлекеттік органдардың әлеуетін өсіруге бағытталған.



Қарау саны: 5707
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!