ББҚИ мәселесі бойынша кеңес
09.12.2020
2020 жылғы 8 желтоқсанда Балалар бақытының қазақстандық индексін әзірлеу мәселесі бойынша онлайн-кеңес өтті. Келіссөздерге
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, ЮНИСЕФ балалар қорының
өкілдері, «Инноченти» халықаралық компаниясы (Италия), тәуелсіз
сарапшылар, сондай-ақ Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары:
Басқарма төрағасының орынбасары Жақыпова Шахарбану Шорманқызы, ТДМ
бойынша Хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар және ТДМ бойынша Хатшылық
директорының орынбасарлары Алтынгүл Өтебаева мен Ерлан Кәрімов қатысты. Кеңес барысында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері 2018 жылы Балалардың әл-ауқат индексін әзірлеуде қиындықтар туралы хабарлады. Ұсынылған индикаторлар Қазақстандағы балалардың әл-ауқатын толық көлемде көрсете алмауына, сондай-ақ индикаторларды басқа халықаралық индекстермен салыстырудың күрделілігіне байланысты әзірлеу процесін аяқтау мүмкін болмады. Осылайша, жобаны жүзеге асыруды кейінге қалдыруға тура келді. ЭЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Шахарбану Жақыпова кеңеске қатысушыларды Институт пен Тұрақты даму мақсаттары бойынша Хатшылықтың қызметімен таныстырып, Балалар бақытының қазақстандық индексін әзірлеу аясында Институттың атқарған жұмыстары туралы айтып берді. Өз кезегінде, ТДМ Хатшылығы директорының орынбасары Ерлан Кәрімов озық халықаралық зерттеулердің нәтижелері мен Қазақстан үшін ерекше балалар әл-ауқатының индикаторларын көрсететін Балалар бақытының қазақстандық индексін әзірлеу жөніндегі институттың одан арғы пайымын ұсынды. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ванн Дизен Қазақстандағы балалардың әл-ауқатының мәселелерін шешуге шынайы мүдделілігін және ТДМ Хатшылығына және ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне Балалар бақытының қазақстандық индексін әзірлеуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайындығын білдірді. Анықтамалық: Ұлттық
қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Қазақстан Президенті Қасым
– Жомарт Тоқаев 2022 жылдан бастап ұлттық мониторингтік
тетік-Балалардың әл-ауқатының индексін әзірлеу және енгізу қажеттігі
туралы мәлімдеді. Бұл индекс әртүрлі салалардағы балалардың жағдайын
жақсарту және өңірлер бойынша бөлу жөніндегі ұлттық саясаттың
тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді. Қазақстан
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында Балалардың әл-ауқат индексін
сынақтан өткізу және енгізу жөніндегі іс-шаралар көзделген.
Қарау саны: 5742 |
|
|