Меморандум
11.12.2020
АХҚО Жасыл қаржы орталығының (бұдан әрі – Орталық) және Экономикалық зерттеулер институтының (бұдан әрі – Институт) өкілдері жасыл қаржы саласындағы өзара түсіністік және әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум шарттары жасыл және тұрақты қаржыландыру саласында саясатты әзірлеу және зерттеулер жүргізу бойынша бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыруда одан әрі ынтымақтастықты көздейді. Сондай-ақ, Меморандум жасыл қаржы мен тұрақты дамуға қатысты хабардарлықты және жалпы салалық түсінікті арттыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын өткізу жөніндегі уағдаластықты қамтиды. Миссияларының бірі саясатты әзірлеу процесінде тұрақты экономикалық өсу аспектілерін ілгерілету болып табылатын Институт Орталық қызметін дамытуда, атап айтқанда, жаңа бағытты – әлеуметтік және орнықты қаржыны құру мен нығайтуда әріптес болады. Институт сондай-ақ Орталыққа экономика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерде өз тәжірибесін енгізе отырып, жасыл қалалар рейтингін қалыптастыру әдістемесін әзірлеуге жәрдемдесетін болады. Қол қойылған Меморандум Тараптарға жасыл және әлеуметтік қаржыландыру нарығын дамыту, Қазақстан мен өңірде тұрақты қаржы саласын реттеу бойынша бағдарламалық құжаттар мен ұсынымдарды әзірлеу бойынша бірлескен қызмет жүргізуге мүмкіндік береді. Анықтамалық ақпарат: "Астана" халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 қадам" Ұлт жоспары шеңберінде құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО басқару жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО-ның пайымдауы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропаны қамтитын өңірдегі жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуы болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақ мерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев атап өткендей, "АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде әрекет ете алады". АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары тұйық циклді экономиканы, қаржылық технологияларды және "цифрлық қаржы орталығын" дамытуды қамтиды. Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан экономикасының кешенді даму мәселелерін зерттейтін мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады.aifc.kz.
Қарау саны: 5669 |
|
|