Экономика, Энергетика, Эмиссия
29.12.2020
2020 жылғы желтоқсанда Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары «Климаттың өзгеру салдарын және бейімдеу бойынша шараларды модельдеу» тақырыбындаға іс-шараларға қатысты. Бұл климаттың өзгеруінің экономикалық салдарын және бейімделу шараларын талдау мақсатында Институттың толық қолдауымен әзірленген Е3.kz (Экономика, Энергетика, Эмиссия) үлгісін әзірлеушілер үшін екінші бес күндік тренинг. Бұл міндеттеме адамзаттың климаттың өзгеру қарқынына әсерін азайту қажеттілігін түсінуге байланысты көміртегі бейтараптылығына қол жеткізу туралы көптеген басқа елдердің мәлімдемелеріне сай келеді. Адамзаттың климатқа әсерінен басқа, соңғы уақытта климаттың өзгеруінің адамзаттың іс-әрекеті мен өміріне ғаламдық және жергілікті деңгейде кері әсері барған сайын байқала бастағанын атап өткен жөн. Климаттық жүйе өте күрделі және кешенді жүйе болып табылады және оның ахуалының өзгеруі ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымы және басқа көптеген мемлекет пен қоғам өмірі үшін маңызды салаларда елеулі тәуекелдер туындауынаалып келеді. Бұл өзгертулер бүкіл әлемде және барлық жерде орын алуда, осыған байланысты климаттық тәуекелдерді бағалаудың сенімді әдістерін жасау күн өткен сайын өзекті болуда. Климаттық тәуекелдерді және олардың экономикалық дамуға әсерін түсіну климат өзгеруіне төзімді ұзақ мерзімді даму стратегияларын қабылдауға және бейімделу бойынша кезекті жоспарларын жасауға мүмкіндік береді. Германияның GIZ Халықаралық ынтымақтастық қоғамы және GWS халықаралық консультанты (Gesellschaftfür Wirtschaftliche Strukturforschung - Құрылымдық экономикалық зерттеулер институты) Қазақстандағы, Грузиядағы және Вьетнамдағы серіктестерімен бірге жүзеге асырылатын «Климаттың өзгеруіне төзімді экономикалық дамуға арналған саясатты пысықтау бойынша ұсыныстар» жаһандық бағдарламасы климаттың өзгеруінің экономикалық салдарын және бейімделу шараларының тиімділігін модельдейтін макроэкономикалық модельдерді әзірлеуге кірісті. Осы бағдарлама шеңберінде 2020 жылғы наурызда модель (7-10 адам) әзірлеушілер тобы құрылған: ERI, Жасыл-Даму, Назарбаев университеттен және «Талап» ҚЗО сарапшылары. 2020 жылдың шілдесінде әзірлеушілер үшін климаттың өзгеруінен (мысалы, құрғақшылық пен су тасқыны) ұлттық деңгейдегі экономикалық зиянды және бейімделу шараларының экономикалық тиімділігін көрсететін Қазақстанға арналған E3.kz (Экономика, Энергетика, Эмиссия) моделін құру бойынша әзірлеушілерге алғашқы (10 күндік ) тренинг өткізілді. Құрғақшылық, ыстық толқыны, жауын-шашынның өзгеруі және басқа көптеген сияқты климаттық тәуекелдердің әсері талқыланды. Сарапшылар өз тәжірибелерімен және Қазақстан үшін климаттық тәуекелдерді қамтуды тереңдету және кеңейту бойынша бұдан әрі қадамдарымен бөлісті. Барлық ұсыныстар мен ескертулер назарға алынды және таяу арада модель осы тренинг барысында алынған барлық әзірлемелерді ескере отырып кеңейтілетін болады.
Қарау саны: 5840 |
|
|