Инвесторлар үшін тұрақты ортаны арнайы заң қамтамасыз етуі тиіс "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Ғылыми экономикалық сараптама және зерттеулер орталығының сарапшысы Балтабай Сыздықов осылай деп есептейді, деп хабарлайды"ҚазАқпарат" ХАА тілшісі».
«Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, соның ішінде инвесторлар үшін тұрақты орта қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті
Шетелдік инвесторлар үшін тұрақтылықты құру құралдарының бірі заңнама болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстандағы инвестициялық мәселелер Кәсіпкерлік кодекспен реттелген. Бұл ретте, бүгінгі күні әлемнің 108 елінің, олардың 90 – ы дамушы ел болып табылады, ал 16-ы өтпелі экономикасы бар ел, арнайы инвестициялық заңы бар, мұны шетелдік инвесторлар оң қабылдайды. Қазақстанда инвестициялық белсенділікті ынталандыруға инвестиция тарту саласындағы үздік әлемдік тәжірибені үйлестіретін инвестиция бойынша жеке заңды әзірлеу қызмет етуі мүмкін", – деді Б.Сыздықов.
Оның айтуынша, инвестициялық заңнама тұрақтылығының кепілдігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Мысалы, әлемнің 27 елінде инвесторларды заңдар мен нормативтік актілердегі ықтимал өзгерістерден қорғау туралы ережелер бар. Жекелеген елдер заңнамалық өзгерістердің барлық түрлеріне қатысты тұрақтылыққа кепілдік береді, ал басқалары салықтық және кедендік баждарды өзгерту сияқты нақты мәселелерге назар аударады. Бірнеше заңдар заңнамалық өзгерістердің кері күші болмайды, кейбіреулер белгілі бір уақыт кезеңі ішінде инвесторлар құқықтарының тұрақтылығына кепілдік береді деп көрсетеді.
«Инвесторлар үшін тұрақтылықтың басқа құралы екі жақты инвестициялық келісімдер болып табылады. Қазақстанда қолданыстағы екі жақты инвестициялық келісімдерді жаңарту өнімді инвестициялар мен технологиялардың көздері болуға қабілетті басым елдермен экономикалық қатынастарды күшейтуге мүмкіндік береді. UNCTAD мәліметтеріне сәйкес (БҰҰ – ның Сауда және даму жөніндегі конференциясы – БҰҰ Ассамблеясының арнайы органы – "ҚазАқпарат") әлемдік үрдіс қалыптастырылуда, оған сәйкес екіжақты келісімдердің ережелері біртіндеп өзгереді, атап айтқанда, инвестициялау рәсімдерін жеңілдету бойынша шараларға көбірек көңіл бөлінеді", - деп атап өтті сарапшы.