Жұмыс тобының отырысы
15.01.2021
2021 жылы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алаңында Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактісін жүзеге асыруы туралы Екінші баяндаманы қорғаудың қорытындылары бойынша ұсыныстардың орындалуын талқылау бойынша жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті.
Отырысқа әр түрлі ведомстволардың (ЕХӘҚМ, ҰЭМ, СИМ, Бас прокуратура, ДСМ, БҒМ, ҚРАҚДМ, ІІМ, ИИДМ, ҚМ және т.б.) департамент басшылары, Жоғарғы Соттың, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ атынан Институт орталығының директоры Д.Б.Тюлебекова сөз сөйледі, ол экономикалық ынтымақтастық ұйымы және Көпұлтты кәсіпорындарға арналған басқару қағидаттары шеңберінде көзделген Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) қызметі туралы айтты. ҰБО – бұл көпұлтты кәсіпорындар үшін ЭЫДҰ Басқару қағидаттары, сондай ақ шағымдарын қараудың соттан тыс тетігі, бір сөзбен айтқанда медиация тиімділігін арттыру мақсатында құрылатын ұйымдар. Әлемнің 49 елдерінде ҰБО тиімді қызмет етеді, оларға тікелей шетел инвестициялардың шамамен 80% тиесілі. 2000 мен 2019 жылдар аралығында ұлттық байланыс орталықтары 100-ден астам елде 500-ден астам іс қарастырды. Істердің көп бөлігі (57%) адам құқықтарына, жұмыспен қамту және жұмысшылар мәселелеріне, қоршаған ортаға қатысты болған. 2011-2019 жылдар аралығында ұлттық байланыс орталықтарына қарауға қабылданған барлық істердің үштен бірінен астамы (36%) тараптар арасында сол немесе басқа нысанда бір келісімге келді; шамамен 33% қарастырылып отырған компанияның ішкі саясатын өзгертуге алып келді. ҰБО қызметі бейтараптық, ашықтық, әділдік және және ЭЫДҰ Басқарушы қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырылады. ҰКО-ның негізгі міндеттері мен функциялары:
ҚР ҰБО қызметі туралы толығырақ ақпаратты /ru/OESR/Nacionalnyj_kontaktnyj_centr/Ob_NKC/ сілтемесі арқылы танысуға болады.
Қарау саны: 5533 |
|
|