Экономикалық зерттеулер институты «Жас Зерттеуші» Конкурсына
қатысу үшін өтінім беру мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды 2021 жылдың 20 сәүіріне дейін (сағат
18.30-ға дейін) тапсыру қажет.«Ортақ іс-Ортақ мақсат -
Қазақстанның көркеюі» зияткерлік онлайн – жобасы - бұл өз білімдері мен
талдамалық дағдыларының жиынтығын толықтыру, экономика бойынша
онлайн-курстарда оқудан өту, сондай-ақ Институт сарапшыларымен бірлесіп
ғылыми зерттеу жүргізу мүмкіндігі.
Жоба шеңберінде 3-4 курс
студенттері, экономика және қаржы мамандықтарының магистранттары,
сондай-ақ 29 жасқа дейінгі магистрлер үшін «Жас зерттеуші»
республикалық конкурсы өткізіледі.
Конкурстың негізгі талабы –
болжамды ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде
көлемі 1000 баспа белгісінен аспайтын эссе жазу. Эссе зерттеу
тақырыбының өзектілігін; автордың таңдалған тақырып бойынша жұмыс
гипотезасын; ағымдағы жағдайды талдауды; қорытындылар мен ұсыныстарды
көрсетуі тиіс.
Толығырақ ақпарат және конкурстық құжаттама Экономикалық зерттеулер институтының сайтында мына сілтеме бойынша орналастырылған:
/kz/Zas_zertteush_2020/