Шолу
08.02.2021
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеуде. Атап айтқанда, өзгерістер техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізуді хабарлама жасау тәртібінен рұқсат беру тәртібіне ауыстыруға бағытталған. Бұл ретте, «Жол жүрісі туралы» Заңның 91-бабының 1-тармағына сәйкес:
Бұзушылық болған жағдайда (техникалық байқау операторының техникалық байқаудың диагностикалық картасын міндетті техникалық байқауды өткізбей беруі, техникалық байқаудың диагностикалық картасын АКҚ техникалық жағдайына сәйкес келмейтін параметрлерді көрсете отырып беруі, бақылау-диагностикалық жабдықты пайдаланбай міндетті техникалық байқауды жүргізуі және басқалары) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес кәсіпкерге (шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-отыз АЕК мөлшерінде) айыппұл салынады. Бүгінгі күні ведомстволық статистика деректері бойынша техникалық байқау операторларының тізілімінде (бұдан әрі –тізілім) 170-ке жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Автомобиль көлік құралдарын техникалық байқау саласында реформалар жүргізу қажеттілігі мынадай проблемалардың болуымен түсіндіріледі. Біріншіден, соңғы уақытта осы саладағы субъектілердің көп бөлігі ресми түрде техникалық тексеруден өтеді, бұл болашақта жол қозғалысына қатысушылардың денсаулығы мен өміріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Екіншіден, көбінесе техникалық байқау объектілері кеңселерде, пәтерлерде, сақтандыру полистерін сату пункттерінде ашылады, бұл «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 616-бабының бірінші бөлігіне сәйкес міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бұзу болып табылады. Үшіншіден, 2020 жылы, ведомствоның мәліметінше, егер екі субъект «нарыққа кірген» болса, онда біреуі нарықтан «кететін». Бұл ретте, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның 49-бабының 5-тармағына сәйкес рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен хабарламаны алып тастау не өтініш берушінің өтініші бойынша не жеке немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне немесе әрекеттеріне тыйым салу туралы сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады. Субъектілердің нарықтан «кетуінің» себептері көп жағдайда заңнаманы бұзу болды деп пайымдаған жөн. Реттеуші ұсынып отырған нұсқа - техникалық байқау операторларының тізіліміне қосуды хабарлама жасау тәртібінен рұқсат беру тәртібіне ауыстыру - осы проблемаларды шеше ме?
Қарау саны: 5508 |
|
|