«Адамдар» бағыты бойынша ТДМ

19.02.2021

2021 жылғы 18 ақпанда онлайн форматта «Адамдар» бағыты бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі - ВАЖТ) бірінші отырысы өтті.

Отырысты ашқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице - министрі (бұдан әрі-ҚР ЕХӘҚМ) Ақмәди Сарбасов пандемия кезеңінде «Адамдар» ВАЖТ-ның ерекше маңыздылығын атап өтті.

Спикер өз сөзінде Қазақстанда ТДМ және кедейлікті жою саласындағы міндеттемелерді (№1 ТДМ) іске асыру шеңберінде ведомствоның 2020 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері туралы хабарлады. Атап айтқанда, пандемия кезеңінде атаулы әлеуметтік көмекпен жалпы сомасы 476 млрд.теңгеге 4 миллионнан астам қазақстандық қамтылды, бұл ел үшін ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған қаржылық көмек болып табылады. Сонымен қатар, 1,1 миллионнан астам азамат азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - ҚР АШМ) өкілдері.  «Аштықты жою» 2 ТДМ - ның іске асырылуы, атап айтқанда, фермерлерді қолдау шаралары туралы баяндалды. Айтылған деректерге сәйкес қарыздың жалпы сомасының 50-80% - ынан басталатын кредиттерге кепілдік беру құралы белсенді дамуда, соның арқасында тамақ өнімдері өндірісінің жалпы көлемі 2020 жылы 4% - ға өсті. Қазіргі уақытта отандық азық-түлікпен жалпы қамтамасыз етілу 80% - дан астамды құрайды, бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігі шеңберіне кіреді. Алайда, ҚР АШМ мәлімдеуінше, азық – түлік өнімдерінің кейбір түрлері (құс еті, балық, шұжық өнімдері, алма, қант, құрғақ сүт) бойынша импорттық тәуелділік әлі де жоғары күйінде қалып отыр-бұл мәселе жақын арада шешілетін болады.

«Жақсы денсаулық және әл-ауқат» №3 мақсатқа жауапты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы хабарлады. Ұсынылған баяндамаға сәйкес-АИТВ-ны тегін анықтау және емдеу, халықты скринингтеу, иммундау және басқа да жұмыстар белсенді жүргізілуде.


Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сапалы білім беру» № 4  мақсаты бойынша жұмыс нәтижелерін ұсынды. Мәселен, 2020 жылы мектеп оқушылары 780 мың бірлік компьютермен қамтамасыз етілді, мектептерде 2500 бірліктен астам жылы дәретхана орнатылды, мектептер мен балабақшалардың 100% – ы бейнебақылаумен қамтамасыз етілді, балабақшалармен қамтамасыз етілу 98,7% - ды құрады, инклюзивті білім беру жағдайын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде (мектепке дейінгі ұйымдардың 61,6% - ы, мектептердің 78,8% - ы, колледждердің 45% - ы және ЖОО-лардың 30% - ы инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған). Педагог мәртебесі артты, мұғалімдердің жалақысы өткен жылмен салыстырғанда 50% - ға өсті.

Іс-шара соңында жұмыс тобының басшылығы қатысушыларға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді. «Адамдар"» ВАЖТ-тың Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру 2021 жылы жалғастырылатын болады.





Қарау саны: 5673
Сақталған: 19.02.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!