Этникалық репатриацияның саясаты

24.02.2021

Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап этникалық репатриация саясатын жүргізіп келеді, ол ел өңірлеріндегі демографиялық ахуалды сауықтыру және олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мүддесінде көші-қон ағындарын пайдалануға бағытталған.

1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн.71,2 мың этникалық қазақ оралды. 2021 жылдың басынан 877 адам тарихи отанына оралып, қандастар (оралмандар) мәртебесін алды.  Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (40,9%), Маңғыстау (12,5%) және Түркістан (6%) облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан (6%) және Шымкент (16,9%) қалаларында қоныстанды.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (65,9%) Өзбекстаннан, 19,3% – ҚХР – дан, 6,3% – Түркіменстаннан, 4,2% – Моңғолиядан және 4,3% - басқа елдерден келгендер болып табылады.

Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,7% – ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 21,4% - ды және зейнеткерлер 19,8% - ды құрайды.

Қолданыстағы репатриациялау саясатына сәйкес «қандас» мәртебесін алған адамдар және олардың отбасы мүшелері мыналармен қамтамасыз етіледі:

−    оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегін бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету;
−    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмекпен;
−    Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда мектептерде және мектепке дейінгі ұйымдарда орындармен, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін оқу ұйымдарына оқуға түсуге бөлінген квотаға сәйкес білім алу мүмкіндігімен;
−    Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең жағдайда әлеуметтік қорғалумен;
−    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесумен.

Қандастарды қолдау құралдарының болуына қарамастан, оларды бейімдеу мен тұрғын үйге қол жеткізуде қиындықтар бар.

Анықтамалық. Қандас (оралман) мәртебесіндегі ҚР тұрғындары үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мынадай құралдар қолданылады: 12 ай ішінде тұрғын үйді жалға алуға және коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды өтеу немесе «Еңбек» бағдарламасы бойынша сатып алу-сату шартын ұсынған кезде біржолғы төлем, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй. ҚР азаматтығын алғаннан кейін репатриант қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің барлық бағдарламаларына қатысу құқығын алады.

2020 жылы «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тапсырысы бойынша «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша қарастырылып отырған 12 құралдың тек 3-еуі ғана репатриант үшін тұрғын үй алуға жәрдемдесетіні анықталды. Қалған құралдар қандас үшін ҚР азаматтығын алғаннан кейін жалпы негізде ҚР басқа азаматтарымен тең дәрежеде қолжетімді.

Тұрғын үй мәселелерін шешу бойынша анықталған құралдарды қолжетімділік және жеткіліктілік өлшемшарттары бойынша былайша жіктеуге болады:

- қолжетімді және жеткілікті құралдарға тұрғын үйді жалға алу шығыстарын өтеу жатады. Өтемақыға өңірлік қоныс аудару квотасы шеңберінде «Еңбек» бағдарламасына тартылған барлық репатрианттар қол жеткізе алады. Сонымен қатар, жалпы бөлінген қаражат жалдау және коммуналдық қызметтер шығындарын жабуға жеткілікті (яғни уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін).

қолжетімді, бірақ сомасы жеткіліксіз құралдарға тұрғын үйді сатып алу кезінде 12 айға жалға алуға берілетін субсидиялардың біржолғы төлемі және тұрғын үй сертификаты жатады. Мысалы, егер 4 адамнан тұратын отбасы біржолғы төлем алатын болса, онда бұл қаражат қаладағы тұрғын үй құнының 10% -ын және ауылдық жерлердегі 13% - ын ғана жабады.

қол жетімділігі төмен, бірақ жеткілікті құралдарға әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй; «Бақытты отбасы» бағдарламасы; ЖАО әлеуметтік кредиттік тұрғын үйі; ЖТҚ қаржыландыру; «7-20-25» бағдарламасы; «Дипломмен ауылға» бағдарламасы; «NurlyЕrtis» өңірлік бағдарламасы, «5-10-20» бағдарламасы жатады. Мұнда оралмандарда бағдарламаға қатысушыларды таңдауда шектеулер бар, мысалы, ЖАО тізімінде болуы немесе (кейбір бағдарламалар бойынша) кепілдік мүлкі және т. б. болуы керек. Сонымен қатар, егер барлық талаптар орындалса және оралмандар осы құралдар бойынша өлшемшарттарға сәйкес келсе, онда оларды жеткілікті деп тануға болады, өйткені олар тұрғын үй алуға мүмкіндік береді.


 




Қарау саны: 6043
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!