Экономикалық еркіндік индексі 2020-2021

04.03.2021

Экономикалық еркіндік индексі  2020-2021 рейтингінде Қазақстан 34-орынды иеленді, осылайша өткен жылмен салыстырғанда нәтижелерді 5 тармаққа жақсартты. Жалпы баға 1,5 балға – 69,6 балдан 71,1 балға дейін өсті.

"Мұра қоры" (The Heritage Foundation) американдық зерттеу орталығы жыл сайын әлем елдерінің экономикалық бостандығы туралы есеп шығарады.

Index of Economic Freedom 2020-2021 рейтингіне 178 ел қатысады. Көшбасшы позицияларды еркін экономикасы бар мемлекеттер иеленді: Сингапур (89,7 балл), Жаңа Зеландия (83,9 балл), Австралия (82,4 балл), Швейцария (81,9 балл) және Ирландия (81,4 балл).

Қазақстан экономикасы қалыпты еркін елдер тобына кіреді және Азия-Тынық мұхиты өңірінің 40 елінің арасында 8-ші орын алады. Бұл ретте, елдің жалпы балы өңір бойынша орташа көрсеткіштен (60,2 балл) және әлемдік мәннен (61,6) әлдеқайда жоғары.

Тұтастай алғанда, елдің жалпы бағасына фискалдық қолайлылық бойынша құрамдауыштың айтарлықтай жақсаруы әсер етті – 84,1 баллдан 98,3 баллға дейін (+14,2). Бұдан басқа, сот жүйесінің тиімділігі (+0,7), салық ауыртпалығы (+1,3), мемлекеттік шығыстар (+1,2), бизнес бостандығы (+1,6), сауда бостандығы (+0,2) және монетарлық еркіндік (+1,9) сияқты құрамдауыштардың жақсаруы байқалады.

Бұрын жарияланған Экономикалық еркіндік индексі 2020-да Қазақстан рейтингтегі позициясын жақсарту тұрғысынан анағұрлым маңызды оң қарқыны бар 10 елдің біріне айналғаны атап өтілген. Оң қарқын мынадай көрсеткіштер бойынша анықталған:
  • фискалдық тұрақтылық,
  • меншік құқығын қорғау,
  • мемлекеттік органдардың тиімділігі,
  • мемлекеттік шығындардың тиімділігі, бизнес бостандығы,
  • сауда еркіндігі,
  • сот жүйесінің тиімділігі.
Тұрақты қарқын инвестициялар еркіндігі, қаржы секторының еркіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша байқалды.


Ескертпе: * - құрамдауыш 2021 жылы енгізілген.
Дереккөз: The Index of Economic Freedom 2020-2021, Heritage Foundation

Құрамдауыштар

ЭЕИ 2020

ЭЕИ 2021

Экономикалық еркіндік индексі

 

 

позициясы

39

34

балдар

69,6

71,1

1. Заң үстемдігі

 

 

Меншік құқығы

61,3

60,2

Сот жүйесінің тиімділігі

62,1

62,8

Үкіметтің әділдігі*

 

44,6

2. Үкіметтің қатысуы

 

 

Салық ауыртпалығы

92,3

93,6

Мемлекеттік шығыстар

85,5

86,7

Фискалдық әл-ауқат

84,1

98,3

3. Реттеу тиімділігі

 

 

Бизнес еркіндігі

74,6

76,2

Еңбек еркіндігі

86,0

86,2

Ақша еркіндігі

68,1

70,0

4. Ашық нарықтар

 

 

Сауда еркіндігі

80,2

74,6

Инвестициялар еркіндігі

50,0

50,0

Қаржылық еркіндік

50,0

50,0




Қарау саны: 6092
Сақталған: 04.03.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!