«Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша зерттеу» (бұдан әрі - Зерттеу) тақырыбындағы 2021 жылғы зерттеу құнына мониторинг жүргізу шеңберінде «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ERI) әлеуетті бірлесіп орындаушылардан Зерттеуге қатысу мәселесін қарауды сұрайды.
Зерттеуге арналған қызметтер құнына мониторинг жүргізу шеңберінде әлеуетті бірлесіп орындаушыларға қойылатын талаптар:
- әлеуетті бірлесіп орындаушыда консалтингтік қызметтер көрсетудің экономикалық зерттеулер жүргізу саласында жұмыс тәжірибесінің болуы;
-мемлекеттік стратегиялық құжаттарды және нормативтік-құқықтық құжаттар мен тұжырымдамалар жобаларын дайындауда жұмыс тәжірибесінің болуы;
- кәсіптік біліктілігі бар, зерттеу жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін штаттық және тартылатын мамандардың болуы;
-осы Зерттеу саласында (бағытында) кемінде 3 жыл зерттеу және/немесе ғылыми жұмыс тәжірибесі.
Қызығушылық танытқан жағдайда, әлеуетті бірлесіп орындаушы осы ақпараттық хат жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Eri кеңсесіне eri@eri.kz.электрондық мекенжайына қызметтердің құнын көрсете отырып, баға ұсыныстарын ұсынуға құқылы.
Бұл рәсім тек Зерттеу қызметтерінің құнын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
Мекенжай: 010000, Астана қаласы, Шұбар шағынауданы, Темірқазық көшесі, 65, Экономика үйі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, байланыс телефоны: + 7 (7172) 28-01-40.