Ағымдағы жылдың 11 наурызында Уругвай ЭЫДҰ-ның халықаралық 
инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы декларациясына (бұдан 
әрі - Декларация) қол қойған 50-ші мемлекет болды. 
Өз
 кезегінде, аталған Декларацияға қол қою Уругвай экономика 
министрлігінің базасында жұмыс істейтін 50-ші Ұлттық байланыс орталығын 
құруды көздейді.  
Декларация қосылған 
үкіметтердің халықаралық инвестициялар үшін ашық және айқын ортаны 
қамтамасыз етуге, сондай-ақ көпұлтты кәсіпорындардың экономикалық және 
әлеуметтік прогреске қосқан оң үлесін ынталандыруға саяси міндеттемесін 
білдіреді. 
Сонымен қатар, Уругвай ЭЫДҰ мүшесі 
болып табылмайтын 13-ші қол қоюшы ел болды, олардың қатарына Аргентина, 
Бразилия, Румыния, Египет, Перу, Марокко, Тунис, Коста-Рика, Иордания, 
Украина, Қазақстан, Хорватия қосылды.