ҚББИ енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды

01.04.2021

2021 жылғы 1 сәуірде Қазақстандық балалар бақытының индексін (ҚББИ) енгізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Бұл құжат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, БҰҰ Балалар қоры және Экономикалық зерттеулер институты арасындағы балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету саласындағы үшжақты ынтымақтастық стратегиясын білдіреді. 

Президент Қасым - Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Бала құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасына қосылу тапсырылды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы 2022 жылдан бастап ұлттық мониторингтік тетік — Қазақстандағы балалардың әл-ауқаты индексін әзірлеп, енгізуді ұсынды.

Балалардың әл-ауқаты неге байланысты?
Әлемнің жекелеген елдеріндегі балалардың әл-ауқатын бағалаудың негізгі бағыттарына сәйкес балалар бақытының көрсеткіштері:

Баланың физикалық және психологиялық денсаулығы

Отбасының материалдық әл-ауқаты (өмір сапасы) 

Білім 

Қауіпсіздік 

Тұрғын үй және тұру ортасы 

Қоғаммен қарым-қатынас 

Қоршаған орта

Ойын іс-әрекетіне, бос уақытқа қол жеткізу болып табылады. 

Қазақстандағы балалардың әл-ауқатын талдау үшін ЮНИСЕФ-тің 2020 жылғы әдістемесін пайдалану ұсынылады. Ұсынылатын бағалау өлшемшарттары мынадай санаттар болып табылады:

психикалық денсаулық: өмірге қанағаттану; 

дағдылар мен икемдер

физикалық денсаулық 

баланың әрекеті

баланың қарым-қатынасы достар / құрдастар; мектеп; отбасы. 

бала мен ата-ананың өзара әрекеті:

балаға арналған ресурстар: мектеп; өмір сүру ортасы

мемлекеттік саясат: білім беру; денсаулық сақтау. 

елдегі жағдай: экономика; қоғам; экология. 

Әрбір ұсынылған санат Экономикалық зерттеулер институты зерделеуге кіріскен 5-тен 14 индикаторға дейін қамтиды.

Құжатқа ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен, Экономикалық зерттеулер институтының Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов қол қойды.

Руслан Сұлтанов өз сөзінде Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары әл-ауқаттың негізгі аспектілеріне, оның ішінде денсаулықты, білім беруді, монетарлық кедейлікті, басқа да индикаторларды бағалауға баса назар аудара отырып, Қазақстандағы балалардың жағдайын жан-жақты талдау бойынша жұмыс бастағанын атап өтті.

Балалардың әл-ауқатының көрсеткіштерін жақсарту процесінде қаржы ресурстарына ерекше назар аударылады. Осыған байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, БҰҰДБ және ЮНИСЕФ халықаралық ұйымдарының қолдауымен Институтта балалардың мүддесінде мемлекеттік бюджетті атаулы жұмсау құралын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.   

Институт Қазақстандық балалар бақытының индексін (ҚББИ) ұсынды. Институттың Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық директорының орынбасары Ерлан Кәрімов Индексті әзірлеудің негізгі тәсілдерімен таныстырды.

Қазақстан үшін бейімделген Индекс еліміздің түрлі өңірлері арасында салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді, балалардың әл-ауқаты мәселесін түсінуді тереңдетуге және балаларды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етудегі өңіраралық сәйкессіздіктерді анықтауға мүмкіндік береді. 
Индекс еліміздің балаларының жалпы және жеке бағыттар бойынша қаншалықты қолайлы екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Индекс өңірлер бойынша бөле отырып, әртүрлі салалардағы ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді. Индексті есептеу үшін ел үшін ең өзекті көрсеткіштер іріктелетін болады. 

Индекс объективті және субъективті деректерден тұратын болады, олардың дереккөзі ҚР ресми статистикасы, халыққа жүргізілген сауалнама нәтижелері болып табылады.



Қарау саны: 5578
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!