ҰБО
05.04.2021
Ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) қазақстандық кеңсесі 2 сәуірде ҰБО тиісінше жұмыс істеуі үшін Қазақстанда көпұлтты кәсіпорындардың өлшемшарттарын анықтау бойынша алғашқы талқылауды өткізді. Онлайн-талқылауға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «YNTYMAQ» Үйлестіру кеңесінің, «КәсіпҚорған» кәсіподағының және «АргымакТрансСервис» ЖШС өкілдері қатысты. Іс-шара модераторы ҰБО Хатшылығының жетекшісі Нұрбек Ергешбаев, баяндамашысы ERI Орталығының директоры Долорес Тюлебекова болды. Онлайн іс-шараны өткізу мақсаты ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарында бекітілген ТҰК анықтаудың негіз қалаушы өлшемшарттарын қолданыстағы қазақстандық нормативтік-құқықтық база шеңберінде талқылау болды. Атап айтқанда, ТҰК қызметінің базалық қағидаттары ретінде Басшылық қағидаттар мыналарды айқындайды: 1. Өз қызметін экономиканың барлық секторларында жүзеге асырады 2. Өз қызметін екі және одан артық елдің аумағында жүзеге асырады 3. Олар өз қызметін түрлі әдістермен үйлестіре алады 4. Жеке, мемлекеттік немесе аралас меншік нысанына ие. ҰБО Хатшылығы талқылау кезінде қатысушыларды ҰБО қызметінің ағымдағы мәртебесі туралы ақпараттандырды, ЭЫДҰ Басшылық қағидаттары туралы ақпаратты ұсынды, сондай-ақ "көпұлтты кәсіпорын" ұғымын анықтайтын өлшемшарттар тобына қосу үшін ұсыныстар берді. Іс-шара қорытындылары бойынша қатысушылар "көпұлтты кәсіпорын" ұғымын анықтау бойынша халықаралық тәжірибені қосымша зерттеуді және әлдеқайда құрылымдық талдау жүргізу мен ұсынымдар жасау үшін аталған мәселені қайта талқылауды шешті.
Қарау саны: 5402 |
|
|