12 сәуір

12.04.2021

2011 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев жарлық шығарып, 12 сәуірді ғылым қызметкерлерінің күні ретінде бекітті. Мерекені атап өту 2012 жылдан басталды.

Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.

Қазіргі уақытта Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Қазақстанда ғылым саласының қалыптасуына 1946 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясы құрылуы негіз болды. Содан бері 75 жыл өтті.


Бүгінде ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторына айналды. Ұлтымыздың ғылымның заманауи және тиімді жүйесін қолдай білу қасиеті ғылыми жетістіктер санын сөзсіз еселей түсуде.

Бүгін ел өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген түрлі ғылым саласындағы азаматтар мен ғалымдарымыз үшін маңызы айрықша күн. 

Құрметті әріптестер! Сіздерге сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шабыт, шығармашылық табыс тілеймін. Жаңалықтарыңызбен қуанта беріңіздер!


Қарау саны: 5653
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!