Вебинар

15.04.2021

«Қазақстанда экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру стратегиясы» жобасы шеңберінде «Цифрлық технологияларды тарату үшін адами капиталды дамыту» вебинарын ЭЫДҰ-ы өткізді.

Үшкүндік вебинарларға мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындары, жеке сектор, холдингтер және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ қатысты.

Осы жобаның мақсаты - экономиканы әртараптандыруға ықпал ететін Қазақстан саясатын әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу. Бұл бірқатар үкіметтік құжаттар, оның ішінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы куәландырып отырғандай, бірнеше жыл бойы өзекті проблема болып табылады.

Жоба үш негізгі салаға бағытталған: цифрлық технологияларды тарату үшін адами капиталды дамыту (іс-шара тақырыбы), өңдеуші салаларға инвестициялар тарту және аграрлық азық-түлік секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Болашақта өнімділікті арттыру және неғұрлым сапалы және қазіргі заманғы жұмыс орындарын құру үшін цифрлық трансформация процесін түсінудің және халықтың барлық сегменттерінің цифрлық технологиялар саласындағы білімі мен дағдыларын дамыту үшін жағдай жасаудың маңызы зор.
 
Вебинарлар барысында ұлттық іс-қимыл бағдарламасын жасау мақсатында цифрлық сауаттылыққа қажеттілікті бағалау; АКТ-ны жалпы білім беру жүйесіне қосу; шартты және бейресми білім беру жағдайында АКТ саласындағы кәсіби құзыреттілікті дамыту мәселелері қаралды.

Вебинарлар Қазақстанға цифрлық сауаттылықты дамытудың кешенді тәсілін әзірлеуге және тиісті құзыреттерді қалыптастыру үшін талап етілетін саяси шараларды айқындауға жәрдемдесуге бағытталған.

Вебинарлар аясында табысты кейс ретінде Эстония сарапшылары цифрлық сауаттылықты дамыту тәжірибесімен бөлісті. Жалпы білім беруге қатысты Эстония АКТ саласындағы келесі әрекеттерді атап өтті:
- Білім беру саласындағы АКТ 90-жылдардың ортасынан бастап Үкімет бағдарламаларында қарастырылған.
− Оқытушылар үшін цифрлық сауаттылық бойынша тегін курстар,
− Ұлттық деңгейде шекті жағдайларды әзірлеуге бағдарламалық тәсіл (мектептегі интернет-байланысты жетілдіру үшін орталықтандырылған сатып алу, мұғалімдер мен пайдаланушыларға арналған жабдықтар (девайстар), оқыту материалдарын жетілдіру);
− Мектептер технологияны қалай қолдану керектігін өз бетінше анықтауға құқылы. Алайда, қаржыландыру / инвестициялар белгілі бір талаптарға сәйкес келеді;
− Технологияны біріктіретін мектеп топтары үшін орталықтандырылмаған тәсіл (төменнен жоғары). Мектеп директоры маңызды рөл атқарады.
− Жеке компаниялар кейбір негізгі қызметтерді ұсынады.
 
Пандемияның алғашқы толқыны аясында Эстония 80-ге жуық вебинар ұйымдастырды, оның ішінде математиканы оқыту үшін технологияны қолдану туралы. Оқытушылар үшін шұғыл желі құрылды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстарға сауалнамалар мен талдау жүргізілді, АКТ-мен жұмыс істеу кезінде оқытушылардың құзыреттілігі едәуір жақсарды, білім беруді технологиялық қолдау маңызды рөл атқарды.

Эстондық сарапшылар оқушыларды оқыту үшін қолданылатын бағдарламалармен бөлісті, мысалы, ProgeTiger programme, оның аясында бағдарламалауды оқыту, сондай-ақ жыл сайынғы оқушылар байқауы қарастырылған (шамамен 12000 қатысушы). Сондай-ақ, мұғалімдерді оқыту қажеттілігі айтылды, Эстондық мамандар осы мақсатта Reacti-VET жобасын іске қосты. Жоба аясында оқытуда сандық құралдарды қолдануға арналған модульдер қарастырылған.

Семинар барысында жүйелі тәсілдің маңыздылығы атап өтілді. Оның ішінде − Министрліктің нақты мақсаттары; мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы; мұғалімдерді тұрақты оқыту, менторлық. Сонымен қатар оқушыларды білім беру мен олардың болашағының арасындағы байланысты түсіну үшін ынталандырудың инновациялық әдістері және барлық қатысушыларды инфрақұрылыммен, құралдармен қамтамасыз ету.



Қарау саны: 5596
Сақталған: 15.04.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!